2011 жылғы 26 -30 қаңтар аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі - kaz.caravan.kz
  • $ 510.06
  • 566.32
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2011 жылғы 26 -30 қаңтар аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

2011 жылғы 26 -30 қаңтар аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

null

  • 26 Қаңтар 2011
  • 1302
Фото - Caravan.kz

ПАРЛАМЕНТ

26 қаңтарда Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы болады.

26 қаңтарда Парламент Сенатында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы өтеді.

26 қаңтарда Парламент Мәжілісінде «ҚР Парламентіне 15 жыл: оның қалыптасу және даму жолы» деген тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция болады.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

Польшадағы «Еуро-2012» футболдан Еуропа чемпионатына дайындықты жүзеге асырып жатқан жергілікті ұйымдастыру комитеті жанкүйерлер арасында «Біздің құрама үшін жанкүйер бол — біз тарихты бірге жасаймыз» байқауын жариялады. Оның жеңімпаздары «Еуро-2012 достары» атанады. 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылатын байқауға 16 жасқа толған адамдар қатыса алады.

2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағында транзит декларациясы мен тауарлар декларациясының жаңа формасы енгізілді.

СПОРТ

12 қаңтар мен 30 қаңтар аралығында еліміздің барлық өңірінде Азия ойындарының алау эстафетасы өтуде.

30 қаңтар күні Астанадағы «Астана-Арена» стадионында Азиада ойындарының ашылу салтанаты кезінде шарықтау алау эстафетасы өз мәресіне жетеді.

14-27 қаңтар күндері Испанияның Кальп қаласында «Астана» велокомандасының қатысуымен жаттығу жиындары өтуде.

ҚОҒАМ

17 қаңтардан бастап Ұлттық банк, Қазақстанда өтетін VII қысқы Азиялық ойындарға арнап, 2 000 теңге номиналды ескерткіш банкноттарды айналымға шығарғалы отыр.

ӘЛЕМ

27 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Түркияның Эрзурум қаласында ХХV Бүкіләлемдік қысқы универсиада ойындары өтеді. Олимпиада ойындарынан кейінгі ең мәртебелі спорт додасы саналатын бұл байрақты бәсекеге биыл әлемнің 57 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатыспақ. Екі жылда бір рет өтетін бұл дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы спорттың — мәнерлеп сырғанау, сноуборд, шаңғы жарысы, фристайл мен хоккей (ерлер командасы) сияқты түрлері бойынша қатысады. Делегация құрамындағы 59 адамның 42-сі спортшылар болмақ. Өзгелері бапкерлер, дәрігерлер.

АСТАНА

21-27 қаңтар аралығында Астана қаласының Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарының әкімдері халық алдында есеп береді.

26 қаңтарда Ұлттық баспасөз клубында «Әділет» демократиялық партиясының баспасөз мәслихаты өтеді. Онда партияның жаңа саяси тұғырнамасы таныстырылады.

26 қаңтарда Ұлттық академиялық кітапханада мүмкіндіктері шектеулі оқырмандардың қатысуымен ақын М.Мақатаевтың 80 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш өтеді.

26 қаңтарда «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Info System» зерттеу орталығы» қоғамдық қоры жүргізген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы арналған брифинг болады.

26 қаңтарда Ауған соғысының мүгедері мен ардагерлері одағының кеңсесінде қайырымдылық шара өтеді.

26 қаңтарда «ALLUR AUTO ASTANA», автоорталығының кеңсесінде «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасының басшысы отандық автоөнеркәсіптің даму қорытындысына арналған жиын өткізеді.

26 қаңтарда «Думан» қонақүйінің алдындағы Мұз қалашығында Азиада ойындарына қатысуға келген Иран және Иордания командаларын қарсы алу рәсімі өтеді.

26 қаңтарда Астана қаласының прокуратурасы «Астана қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссиясы жұмысының және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстың профилактикасы, қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу саласындағы құқық қолдану практикасының тиімділігі» тақырыбында семинар-кеңес өткізеді.

30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Алматы мен Астана қалаларында 7-Қысқы Азия ойындары өтеді.

АЛМАТЫ

26 қаңтарда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында шетелдердегі қазақ жазушыларының кітаптарының таныстырылымы өтеді.

26 қаңтарда Құрманғазы атындағы консерваторияда «Ұлысаралық келісімнің өзекті мәселелері» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өтеді.

26 қаңтарда Жамбыл атындағы филармонияда А.Кельберг пен Ф.Мансұровты еске алу кеші өтеді. Концертке ҚР мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі қатысады. Дирижері — Ваг Папян.

30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Алматы мен Астана қалаларында 7-Қысқы Азия ойындары өтеді.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.

ҚАҢТАРДЫҢ 26-Ы, СӘРСЕНБІ

Кеденшілердің халықаралық күні. 1952 жылғы қарашада кедендік ынтымақтастық кеңесін құру туралы конвенциясы күшіне енді. 1953 жылғы қаңтардың 26-ында Брюсселльде кедендік ынтымақтастық кеңесінің бірінші сессиясы өтті, аяғында (1994жылы) қазіргі — дүниежүзілік кедендік ұйым өзінің атын алған.

30 жылдан кейін, 1983 жылы нақ осы күн Кеденшілердің халықаралық күні жыл сайын атап өтілетін мейрам болып таңдалды.

Кеденшілердің халықаралық күні ғаламшардағы кеден қызметінің халықаралық ынтымақтастығына себепші болып қана қоймай, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік, экономикалық дамуына кеден қызметтінің маңыздылығын қоғам назарын аудару болып табылады.

Үндістан Республикасының мемлекеттік мейрамы — Республика күні (1950).

Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 23-де орнатылды.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Қазақстанда Еуразиялық мәдениет қорының бастамасымен «Ұлт байлығы» атты сыйлық бекітілді. Бұл сыйлық әлемде және өз еліміздегі қызметтері көпшілікке танылған Қазақстан азаматтарына мемлекеттік, экономика, ғылым және мәдениет саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін беріледі. Сыйлықты мемлекеттік, қоғам, діни, сонымен бірге ғылым, экономика, әдебиет, өнер, білім бері және спорт саласының қайраткерлері ала алады. Сыйлықты беру туралы шешімді Еуразиялық мәдениет қорының кеңесінде қабылданады.

Алдын ала талдау жұмыстарын өткізу үшін сарапшы комиссиясы құрылады.

«Ұлт байлығы» атты сыйлық жыл сайын беріледі.

Сыйлықтың лауреатына «Золотая пайцза» қолына беріледі, ол лентадағы стильге келтірілген алтын пластина. Бұрын Қазақ даласының құрметі азаматтарына дәл осындай белгілер берілген. Бет жағында алақанында қарғаны көтеріп келе жатқан ақсұңқар бейнеленген. Бұл барельеф зұлымдықты жеңген жақсылықты бейнелейді. Арғы жағында «Аспанда құдай бар. Адам — Құдайдың жердегі құдыреті» деген сөз жазылған. Еуразиялық мәдениет қоры материалдық қаражатты төлеуге байланысты өзінің «алтын» деген ақша бірлігін шығарды. Сыйлықтың өлшемі — 1000 алтын, сонымен бірге бір алтын мың теңгеге тең. Сонымен сйлық бір миллион теңгені құрайды. Еуразиялық мәдениет қорының паспорты сыйлықтың иегеріне тапсырылады. «Золотая пайцза» — Еуразиялық мәдениет қорының ең жоғарғы сыйлығы.

3 жыл бұрын (2008) Екібастұздағы «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС көмір кәсіпорнында техникалық қызмет көрсететін «Pit-stop» жаңа пункті пайдалануға берілді.

Онда үлкен жүк таситын автомобильдер, бульдозерлер мен «Богатырь» разрезінің жүк артқыш көліктері сервистік тексерістен өтеді. «Имсталькон-Проект» фирмасы жасаған алғашқы техникалық пункт Солтүстік кешендегі көмір өндірушілердің тапсырысымен салынып, жұмыс орнында қуатты техника сервисінің жоғары тиімділігін көрсетті. «Pit-Stop» кешенінің алып жатқан жер ауданы 1,5 гектардан асады. Онда бір мезгілде 4 үлкен жүк таситын автомобиль алдын ала тексеріліп, жөндеуден өтеді. «Ground fohce», «Hormann», «Caterpillar» сияқты танымал шетелдік фирмалардың автоматтандырылған құралдары алып көліктерге тез, әрі кепілді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

1 жыл бұрын (2010) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан Қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі институт Жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің шешімімен құрылды.

Институт Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық ынтымақтастық мәселелерімен айналысатын білікті саясаттанушы, экономист, социолог және басқа да мамандардан ұйымдастырылған. Институт үш бөлiмнен тұрады: iшкi саясат, экономикалық талдау және болжау, халықаралық бөлiм. Институт зерттеулерінің негізгі бағыттары Қазақтанмен және шет елдердің ішкі саясаттың және әлеуметтік-экономиканың дамуы, қауiпсiздiк сұрақтарының, әлемдiк экономикамен және саясаттың даму тенденцияларының зерттелуi, олардың Қазақстан экономикасының дамуы және оның халықаралық бірлестіктегі рөлінің ықпалдығын талдау.

ЕСІМДЕР

50 жыл бұрын (1961) Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі МӘКЕЖАНОВ Сұлтанбек Алмасбекұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысы Мерке ауданында туған. Целиноград инженер-құрылыс институтын, Халықаралық еңбек академиясын бітірген. 1993-1998 жылдары — «Астана-банк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, «Қазақинвест» корпорациясының вице-президенті. 1998-2002 жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан. 2002-2004 жылдары — Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі, аппарат басшысы. 2004-2006 жылдары — «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының жетекшісінің орынбасары. 2006-2010 жылдары Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

2010 жылдың желтоқсан айынан — қазіргі қызметінде.

ҚАҢТАРДЫҢ 27-І, БЕЙСЕНБІ

Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні. 2005-інші жылғы қарашаның 1-інде БҰҰ Бас Ассамблеясы 60/7 қарарын қабылдап, жыл сайын қаңтардың 27-сі Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні болып атап өтуге қаулы қабылдады. Қарашаның 27-сі таңдап алынуының себебі, 1945-інші жылғы нақ осы күні Кеңес Армиясы ірі нацистік Освенцим-Биркенау (Польша) өлім лагерін азат еткен болатын. Бұл концлагерь жұмыс істеп тұрған уақытта мұнда 1,5 миллионнан 2,2 миллион адамға дейін қаза тапқан, дейді әртүрлі дерек көздері.

Ресей әскери даңқ күні — Ленинградтың қоршаудан босаған күні. 1944 жылы ленинградтықтар неміс-фашистердің 900 күндік қоршауына асқан ерлікпен төтеп берді. Жыр алыбы Жамбыл өзінің «Ленинградтық өрендерім» өлеңімен қоршаудағылардың рухын көтерді. Дәл осы күні Ленинград қаласы жаудан азат етілді.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Қарағандыда Қажылар одағы құрылды. Орталық мешітте өткен жиналыс барысында бірігу туралы шешім қабылданды. Негізгі мақсаттары — шариғатты имамдарға түсіндіруде көмек көрсету.

1 жыл бұрын (2010) Мәскеуде Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына орайластырылған «Аңыз батыр» («Легендарный батыр») атты жинағы жарық көрді.

Қазақ және орыс тiлінде шығарылған жинаққа халық батыры Бауыржан туралы қазақ жазушылары Шерхан Мұртаза, Елей Әлiмжанов, Мұқамеджан Катимханның еске түсіру шығармалары, және Мәскеудің мұрағаттарында сақталған бұрын жарияланбаған Бауыржан Момышұлының күнделіктері кірді.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 2010-2015 жылдарды қамтитын ЮНДАФ бағдарламасынның таныстырылымы өтті. Бағдарламаның таныстырылу рәсіміне мемлекеттік органдар мен Парламент өкілдері және БҰҰ-ның агенттіктерінің қызметкерлері қатысты.

2010-2015 жылдарды қамтитын ЮНДАФ бағдарламасының мақсаты — Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ-ы басты үш стратегиялық бағыт бойынша бірлесіп қимылдамақ. Үш бағытың біріншісі азматтардың экономикалық-әлеуметтік бақуаттылығын қамтуға бағытталса, екінші бағыт тиімді мемлекеттік басқару шараларына қатысты. Ал үшінші бағыт қоршаған ортаны қорғау саласымен байланысты болып отыр.

1 жыл бұрын (2010) Алматыда Қайырымдылық қорлар қауымдастығының кезекті отырысының шеңберінде «Қазақстандағы қайырымдылық» — blagovkz.org. атты ұлттық ақпараттық порталдың таныстырылымы болды. Сайт Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қаржылай қолдаумен құрылды.

Жобаның мақсаты — азаматтар мен ұйымдардың тиiмдi коммуникациялары үшiн платформалар құру, еліміздегі қайырымдылық қызметке тарту, қайырымдық ұйымдармен және бастаушы топтардың тиімділігін арттыру, қайырымдылық институттарға азаматтық қатысулардың мәдениетін дамыту және қолдау, Қазақстанның қайырымдылық өміріне тұрғындардың белсенді қатысуына ақпараттық шарттар құру.

Қайырымдылық қорлар қауымдастығы қайырымдылық жобаларды іске асыратын 12 коммерциялық емес ұйымдарды біріктіреді.

ЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1956)- «BCC Invest» акционерлік қоғамы — «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамы еншілес ұйымы басқарма төрағасының орынбасары, экономика ғылымының кандидаты КЫШПАНАКОВ Виктор Алексеевич дүниеге келді.

Хакасияның Абакан қаласында туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, КСРО Ғылым академиясы Экономика институтының аспирантурасын бітірген.

1989-1990 жылдары — Қазақ КСР Мемлекеттік құрылыс Сыртқы экономикалық байланыс басқармасы бастығының орынбасары. 1990-1991 жылдары — «Қазақстан-Коммерция» сыртқы экономикалық агенттігі бас директорының орынбасары, қаржы директоры. 1991-1997 жылдары — «Alem Bank Kazakhstan» бөлімінің бастығы, басқармасының бастығы, активтерді басқару жөніндегі департаментінің директоры. 1997-1998 жылдары — «Казахстанский интернациональный банк» ААҚ-ы Қазынашылық басқармасының бастығы. 1998-2003 жылдары — «Казахстанский интернациональный банк» ААҚ басқармасы төрағасының орынбасары, төрағасы міндетін атқарушы, төрағасы. «КIB Asset Management Ltd.» компаниясының атқарушы директоры қызметтерін атқарған.

Қазіргі уақытта «BCC Invest» акционерлік қоғамы — «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамы еншілес ұйымы басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

ҚАҢТАРДЫҢ 28-І, ЖҰМА

Ядролық қаруға қарсы жұмылудың халықаралық күні. 1985 жылы Үндістан, Аргентина, Грекия, Мексика, Танзания және Швецияның мемлекет және үкімет басшыларының Делиде өткен кездесуінде Дели декларациясы қабылданды. Онда ядролық қаруы бар ірі мемлекеттерді, басқа да елдердің парламенттері мен үкіметтерін ядролық қаруды көбейту ісіне қарсылық білдіруге шақырды.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2008) Павлодарда журналистика ардаргері Юрий Ковхаевтың «Крушение мифов» атты кітабы жарық көрді. Оның беттерінде — автордың көркемдік прозасы және қазіргі заманның экономикалық, әлеуметтік және моральдық жақтарын қозғайтын публисцистикалық мақалалар. Ю.Ковхаевты қала тұрғындары көп жылдар бойы облыстық газете қызмет атқарған журналист, повесть және әңгімелердің авторы, театральдық рецензент ретінде таниды.

ЕСІМДЕР

50 жыл бұрын (1961) Қарағанды облысы Ұлытау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы ҚОЖАХМЕТОВ Манарбек Сұлтанбекұлы дүниеге келді. Жезқазған облысы (Қарағанды облысы) Жезді ауданда туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ тілі және әдебиеті факультетін бітірген. 1982-1984 жылдары — Жезді ауданы Жетіқоңыр орта мектебінің мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 1984-1986 жылдары — КПКО ХХVІІ съезд атындағы кеңшардың комсомол комитетінің хатшысы. 1986-1991 жылдары — Қазақстан Компартиясы Жезді аудандық комитетінің үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы, Жезді аудандық атқару комитеті Халық депутатары кеңесінің ұйымдастыру және тұрақты комиссиялар жөніндегі бөлімнің меңгерушісі, Байқоңыр кеңшарының партия комитетінің хатшысы. 1991-1992 жылдары — Жанкелді кеңшары директорының мемлекет иелігінен алу және жекелешендіру жөніндегі орынбасары, Жезді ауданы әкімінің көмекші-кеңесшісі. 1992-1999 жылдары — Жезқазған облыстық еңбек бас басқармасы Жезді аудандық еңбек биржасының, жұмыспен қамту орталығының директоры, Жезді аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы, Ұлытау аудандық жұмыспен қамту орталығының бөлім меңгерушісі, директоры. 2000-2005 жылдары — Ұлытау ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Ұлытау аудандық білім бөлімінің меңгерушісі. 2005-2006 жылдары — Қарағанды облысы Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы. 2006-2008 жылдары -Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап — қазіргі қызметінде.

45 жыл
бұрын (1966) Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары АЙМАНБЕТОВ Мәулен Зарлықұлы дүниеге келді.

Өскемен жол құрылысы институтын, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ Ұлттық аграрлық университетін бітірген. 1990-1992 жылдары — «Алматагорстрой» құрылыс монтаж басқармасының шебері, «Алматагорстрой» құрылыс монтаж басқармасының прорабы, «Алматагорстрой» құрылыс монтаж басқармасы бастығының орынбасары. 1992-1996 жылдары — «Айымбет и К» кәсіпорнының бас директоры. 1996-2000 жылдары — «АгроАвиаСервис» ЖШС-нің бас директоры. 2000-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, «Ғасыр жолдары» компаниясының бас директоры. 2006-2007жылдары — « Қазақстан Республикасы Президент басқармасы көлік шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының экономика бойынша директордың орынбасары, Қазақстан Республикасы Президент Істері басқармасы «Бурабай» Мемлекеттік Табиғат саябағы күрделі қаржылар бойынша директорының орынбасары. 2007-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Президент істері Басқармасының қарасты мекемелерді басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Президентінің істер Басқармасының қарасты мекемелерді басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2008 жылдың мамырынан — қазіргі қызметінде.

40 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, саясаттану ғылымының кандидаты ӘШІМБАЕВ Мәулен Сағатханұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін ( Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1993-1994 жылдары — Қазақстан Республикасы Баспа және бұқаралық ақпарат министрлігі Баспа ісін дамыту жөніндегі қорының бас маманы, атқарушы директорының орынбасары. 1994-1995 жылдары — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты Д.Нұрахметтің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің консультанты. 1995-1999 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы секторының аға сарапшысы, меңгерушісі, орталық жетекшісінің бірінші орынбасары. 1999-2002 жылдары — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығының меңгерушісі. 2000 жылдың мамырынан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2004-2005 жылдары — Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры. 2005-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы СІМ жанындағы Сыртқы саясат жөніндегі консультативтік кеңес төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған. «Хабар» Агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. «Analytic» және «Қазақстан-Спектр» журналдарының шеф-редакторы. Қазіргі қызметінде 2006 жылдан бастап істейді. Бірнеше кітаптың авторы.

«Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

35 жыл бұрын (1976) «Темiрбанк» акционерлік қоғамы — «БТА» акционерлік қоғамы еншіліс ұйымының басқарма мүшесі, атқарушы директоры ҚҰСАЙЫНОВ Ерұлан Айташұлы дүниеге келді. Қарағанды қаласында туған. Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

2005-2009 жылдары Халықаралық Бизнес академиясында оқыған. 1995-2006 жылдары Жезқазған, Астана қалаларындағы «Цветметбанк» ААҚ акционерлік банкінде, «Банк ЦентрКредит»ААҚ филиалында, «Банк ТұранӘлем» ААҚ филиалында әр түрлі лауазымдарда болып, «Каспий банкі» АҚ филиалының директоры, «Каспий банкі» АҚ Солтүстік Дирекциясының жетекшісі қызметтерін атқарған. 2006 жылдан «Темiрбанк» акционерлік қоғамында қызмет атқаруда.

ҚАҢТАРДЫҢ 29-Ы, СЕНБІ

ОҚИҒАЛАР

1 жыл бұрын (2010) Павлодарда «Ұрпағым, саған арналады» («Тебе, товарищ потомок») деген атпен жаңа кітап жарық көрді.

Оның авторы, Ұлы Отан соғысының ардагері, облыстық өлкетану мұражайының бұрынғы директоры Михаил Гапон, кітап беттерінде атақты павлодарлықтардың — Кеңес Одағы батырларының, Даңқ орденінің толық иегерлерінің, өмірбаяндары жарияланып отыр. Автор сондай-ақ, Александр Невский орденімен марапатталған жерлестері туралы да әңгімелейді.

Басылымның бетінде Ауғанстанда жауынгерлік борышын өтеу кезінде қаза тапқан интернационал-жауынгерлердің есімдері де бар. Оған қоса, 1941 жылы Мәскеуде өткен Жеңіс Шеруіне қатысқан павлодарлықтардың толық есімдері алғаш жарияланып отыр. Және Жеңістің 60 жылдығына орай Астанада өткен парадқа қатысушылардың есімдері де басылған.

«Ұрпағым, саған арналады» кітабы — Михаил Гапонның жерлестері мен қаруластарына арнаған екінші кітабы. «Олардың есімі мәңгі ұмытылмайды» («Их имена увековечены») деп аталатын алғашқы кітабы 2001 жылы жарық көрген болатын.

ЕСІМДЕР

75 жыл бұрын (1936-1999) жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері СҮНДЕТОВ Мағзом дүниеге келді.

Атырау облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. «Жазушы» баспасының редакторы, аға редакторы, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1990-1996 жылдары «Ана тілі» баспасының бас редакторы болған. Тұңғыш әңгімелер жинағы 1961 жылы «Жол айрығы» деген атпен жарық көрген. «Балық аулай барғанда» әңгімелері, «Күтемін сені, Дидар», «От ішіндегі адам» повестері, «Үзеңгі жолдас», «Құмдағы ауыл», «Еліктің лағы» повестер мен әңгімелері, «Ескексіз қайық», «Қызыл ай» романдары, т.б. шығармалары жарық көрген. Жазушының көптеген туындылары неміс, чех, венгр, югослав, т.б. тілдерге аударылған.

«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

45 жыл бұрын (1966) жазушы, сатирик, «Айқын» газеті бас редакторының орынбасары, Балғабек Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың тұңғыш иегері ӘБДІРАМАН Ермахан Шайхыұлы дүниеге келді. Түркістан қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген.

1986-1988 жылдары — Түркістан қаласындағы «Қайта қалпына келтіру» шеберханасының жұмысшысы, 1991-1992 жылдары «Қазақ университеті» (қазіргі «Санат») баспасының редакторы. 1993-1995 жылдары — «Түркістан» газетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Түркістан қалалық әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы, «Түркістан» тынысы» телеарнасының директоры, 1995-1996 жылдары «Тұран» телеарнасының редактор-режиссеры, 1996-1999 жылдары — Түркістан қалалық мәдениет бөлімінің режиссер-сценаристі, 1999-2006 жылдары — Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетінің оқытушысы. 2000-2001 жылдары — «Бикеш» республикалық қыз-келіншектерге арналған газеттің бас редакторы, 2001-2007 жылдары — «Айқын» газетінің тілшісі, «Дала мен қала» газеті бас редакторының орынбасары, «50 де 50» газетінің бас редакторы, 2007-2009 жылдары — «Айқын» газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 2009 жылдан — қазіргі қызметінде. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында қайта ашылған «Қымызхана» әзіл-оспақ отауының сценарилерін жазған.

«Ауыз тие отырыңыз», «Бір түрлі кітап», « Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл», «Қазіргі қазақ сатирасы», «Мынауың жынды екен» атты көмекші оқу құралының авторы.

35 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі ИБРАЙ Талғат Қарекеұлы дүниеге укелді.

Алматы қаласында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Рейн-Вестфалия техникалық жоғары мектебін (Германия) бітірген.

1996-1998 жылдары -«31 канал Телерадиокомпаниясы» акционерлік қоғамында жұмыс істеп, 1998-2001 жылдары — Рейн-Вестфалия техникалық жоғары мектебінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған. 2001-2003 жылдары — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бас маманы, бөлім бастығының міндетін атқарушы, бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы кеңесшісінің міндетін атқарушы, төраға кеңесшісі. 2003-2005 жылдары — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы, полиция майоры. 2005-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі кадрлармен қамтамысз ету департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлім секторының меңгерушісі. 2008-2009 жылдары — Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2009 жылдан бастап — қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

35 жыл бұрын (1976) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары ОСПАНОВ Берік Серікұлы дүниеге келген Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Орталық Азия университетін, Қазақ экономика және агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтын, аспирантураны, докторантураны бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

1997-2002 жылдары — Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтының Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығының экономисі, Қазақ экономика және агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамыту стратегиясы департаментінің бөлім бастығы.

2002-2004 жылдары — Агроөнеркәсіп кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешенін дамыту стратегиясы департаментінің директоры.

2004-2009 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының президенті қызметтерін атқарған.

2009 жылдан бастап — қазіргі қызметінде.

ҚАҢТАРДЫҢ 30-Ы, ЖЕКСЕНБІ

Бүкілдүниежүзілік алапес ауруымен ауыратын адамдарға көмек көрсету күні. 1954 жылдан қаңтардың соңғы жексенбісінде аталып өтіледі.

ОҚИҒАЛАР

35 жыл бұрын (1976) Бозашы бөлігінің солтүстік еңісінде орналасқан Қаламқас мұнай-газ кен орны 1976 жылы ашылған. 1976 жылы БА-15Н жеңіл өзі жүретін бұрғылау станогы қатты аязда Қаламқас үстіртінің солтүстік қанатына жеткізілді (бұрғылама шебері А.Волочев). 1976 жылғы қаңтардың 30-ында К-1 скважинасынан 587 метрлік тереңдіктен газ шықты. 1979 жылғы тамздың 23-інде өнеркәсіптік мұнай-газ шығарыла басталды, ал 1980 жылдың қаңтарында Қаламқас мұнайының бірінші танкері Бакуге жіберілді. 2005 жылғы маусымның 6-ында «Қаламқасмұнайгаз» кен орнының өнеркәсіптік басқармасы жүз миллион тонна мұнай шығарды.

5 жыл бұрын (2006) Алматы қаласындағы «Ана тілі» баспасынан Кеңес Одағының Батыры, КСРО Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі, қазақ ауыз әдебиетінің үлкен зерттеушісі Мәлік Ғабдуллиннің «Алтын жұлдыз» атты естелік кітабы жарық көрді.

Бұл жинаққа қаһарман ғалымның әскери шығармалары топтастырылған. Аталған жинақты құрастырып, алғы сөзін филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов жазған. Сонымен қатар осы баспадан Серік Негимовтың «Қазақтың сал-серілері» атты жаңа кітабы оқырмандармен қауышты. Ғалымның аталған зерттеу еңбегіне Сегіз Сері, Ақан Сері, Біржан Сал сынды қазақтың белгілі тұлғаларының өмірі мен шығармалары енгізілген.

3 жыл бұрын (2008) Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне Еуропалық бизнес қауымдастығының «Еуропалық сапа» атты Халықаралық сыйлығы тапсырылды. Сонымен қатар, аталған оқу орнының ректоры белгілі ғалым-түркітанушы Шәкір Ибраев Еуропадағы ықпалдастықты дамытуға қосқан үлесі үшін «Біріккен Еуропа» атты халықаралық сыйлықты бірінші рет алды.

3 жыл бұрын (2008) Ақордада Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Бурабай» курорттық аумағын дамыту жобасы таныстырылды. «БФ Глобал» түрік компаниясы жасаған жоба Щучье көлінің жағасында әлемдік деңгейдегі туристік-ойын-сауық кешенін құруды қарастырады. Онда қазіргі заманғы талаптарға сай 3700 нөмірлік 9 қонақ үй салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жалпы ауданы 21 мың шаршы метрден асатын ойын-сауық және сауда орталықтары салынады. Кешенге бірнеше казино, 700-ден астам жеке меншік коттедждер мен 1620 пәтерлік 4-5 қабаттан тұратын тұрғын үйлер кіреді. Жобаны жүзеге асыру «Бурабай» курорттық аумағын танымал жазғы және қысқы демалыс орны ретінде дамытуды көздейді. Гольф-клубтар, ат-спорт орталығы, шыңға өрмелеуге арналған учаскелер осында әлемнің түпкір-түпкірінен туристерді тартады. Қыста демалуды сүйетіндер үшін онда мұз айдындары, шаңғы жолбағыттары мен осы заманғы көтергіштері бар тау шаңғысы жолдары ұйымдастырылады. Жобаны 5 кезеңге бөліп, 12 жылда жүзеге асыру жоспарланып отыр. Президент жобаны жасаушыларға курорттық аймақтың көлік инфрақұрылымын салу қажеттігін ескертті. Елбасы «Бурабай» курорттық аумағы Қазақстанның інжу-маржаны екендігін атап өтті. Ормандарды қолдан келгенше сақтап, шабылған ағаштардың аумағын қалпына келтіру қажет.

ЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1956) тарих ғылымының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасының меңгерушісі АЛТАЕВ Асқар Шауқатұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1979-1980 жылдары — Қазақ КСР Ғылым академиясы тарих, археология және этнография институтының лаборанты. 1980-1981 жылдары — КСРО Ғылым академиясы КСРО тарих институтының стажер-зерттеушісі. 1981-1999 жылдары — Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, аспиранты, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі. 1999-2008 жылдары — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жалпы тарих кафедрасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің факультет деканы қызметтерін атқарған. 2008 жылдан — қазіргі қызметінде.

«Социальное развитие рабочих Карагандинского угольного бассейна в 1970-1980-е гг.», «Социальное развитие рабочих промышленности Казахстана» кітаптарының авторы.

50 жыл бұрын (1961) Павлодар облысы Май ауданының әкімі ПІШЕНБАЕВ Нығман Құдайбергенұлы дүниеге келді. Павлодар облысы Май ауданында туған. Семей зооветеринарлық институтын, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. 1983-1984 жылдары — Семей облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал дәрігері. 1984-1991 жылдары — Павлодар облысы Май ауданы станциясының мал дәрігері, Май ауданы «Белогор» кеңшарында бас мал дәрігері. 1991-1997 жылдары -Павлодар облысы Май ауданы «Қызыл-Құрама» кеңшарының директоры, Павлодар облысы Май ауданының әкімнің бірінші орынбасары — АӨК-нің департамент бастығы, 1997-2000 жылдары — Павлодар облысы ветеринария комитетінің жетекші маманы, Павлодар ауданы әкімнің бірінші орынбасары — Павлодар облысының Павлодар ауданының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 2000-2009 жылдары — Павлодар облысы Ақтоғай ауданының әкімі. 2009-2010 жылдары Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2010 жылдың наурыз айынан — қазіргі қызметінде.