2011 жылғы 29 маусым мен 3 шілде аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2011 жылғы 29 маусым мен 3 шілде аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

2011 жылғы 29 маусым мен 3 шілде аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ

  • 29 Маусым 2011
  • 640
Фото - Caravan.kz

29 маусымда селекторлық режимде Үкімет отырысы өтеді.

29 маусымда Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Ақордада Британ делегациясының жетекшісі Баронесса С.Уорсимен кездеседі.

29 маусымда Ішкі істер министрлігінде баспасөз мәслихаты өтеді.

29-30 маусымда Қарағандыда қазақстан-герман сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының 5-ші отырысы өтеді.

29 маусым күні «Ramada Plaza» қонақүйінде ІІ Қазақстандық-Германдық Инновациялық диалог өтеді. Аталған форум Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративті Республикасының үкіметаралық жұмыс тобының бесінші отырысы аясында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау мен Германия экономика және технологиялар министрінің орынбасары Карл-Эрнст Браунер мырзаның төрағалығымен өтеді.

ПАРЛАМЕНТ

29 маусым күні, Мәжілістің жалпы отырысы өтеді. Күн тәртібіне сәйкес депутаттардың талқысына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда ұсынылады. Бұл жобаның екінші оқылымға дайындалуы туралы Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Петр Дмитриенко баяндама жасайды деп күтілуде.

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың 2011 жылғы 20 маусымдағы №50 өкімімен ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 30 маусымға шақырылды.

ҚОҒАМ

Режиссер Ғазиз Насыровтың «Гәкку» фильмі Қазақстан атынан 23-29 маусым аралығында өтетін Халықаралық Мәскеу кинофестиваліне қатысады.

28 маусым мен 3 шілде аралығында Мәскеу қаласындағы Бүкілресейлік көрме орталығында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Мемлекетаралық көрмесі өтеді.

29 маусымда сағат 9:00-де Гвардейск кентінде «Жас ұлан — 2011» республикалық жауынгер әндері фестивалінің ақтық кезеңі өтеді

29 маусымда — «Шығыс — 2011» бірлескен жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының шешуші кезеңі өтеді.

1 шілдеден «Жеке мақсатта пайдалану үшін жеке тұлғалардың жеңіл автокөліктерді тасымалдау мәселелері туралы» ҚР Үкіметі қаулысының мерзімі аяқталады.

1 шілдеден бастап елімізде «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы жүзеге аса бастайды.

СПОРТ

29 шілде күні Бейбіт Шүменов АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегаста Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының жартылай ауыр салмақта Әлем чемпионы атағын қорғайды. Оның қарсыласы американдық Дэнни Сантьяго.

АСТАНА

Астанада 28-30 маусым аралығында Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы өтеді.

29 маусымда Астанада «Мемлекеттік тілді дамыту» Президенттік қоры Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған жаңа жобасын — «Елбасы және мемлекеттік тіл» атты жинағын жұртшылық назарына ұсынбақ. Президенттік Қор мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп әзірлеген жинақтың 2 мың дана таралыммен жарыққа шығуына «ҚазМұнайГаз» ҰК» Акционерлік қоғамы қолдау көрсетіп отыр

29 маусымда Ұлттық академиялық кітапханада елорда күніне арналған «Астана: кеше, бүгін, ертең» көрмесі ашылады.

29 маусымда Көлік және коммуникация министрлігінде Астанада Есіл өзенінің арнасында кеме-қайықтардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған кеңес өтеді.

1 шілде күні Астанада Қазақстан қолөнер шеберлерінің «Шебер-2011» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады.

АЛМАТЫ

Алматыдағы Орталық көрмеде 25 мамыр — 2 шілде аралығында «Kazakhstan Art Week» қазақстандық өнер апталығы өтуде.

29 маусымда Алматы әкімдігінде қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтеді.

29 маусымда «Интерфакс» баспасөз орталығында Алматыдағы EducationUSA консультациялық білім орталығының баспасөз мәслихаты өтеді.

29 маусымда Қазақстандық баспасөз клубында танымал музыкант Марат Бисенғалиевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

30 маусым күні Алматыда бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен Азия чемпионаты өтеді.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.

МАУСЫМНЫҢ 29-Ы, СӘРСЕНБІ

Сейшель аралдары Республикасының Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні (1976). Сейшель аралдары мемлекеті Мадагаскар аралының солтүстік-шығысында, Үнді мұхитындағы 115 аралда орналасқан. Әкімшілік-аумақтық жағынан 23 округке бөлінеді. Астанасы — Виктория қаласы. Ресми тілі — креоль, ағылшын және француз тілдері. Ұлттық ақша бірлігі — сейшель рупийі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

79 жыл бұрын (1932) КСРО Ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының алқасы «Балқаш маңы мыс қорыту комбинатының құрылысы туралы» қаулы қабылдады.

47 жыл бұрын (1964) Мақат-Ақтау темір жолының құрылысы аяқталды.

19 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы герцогтығының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

13 жыл бұрын (1998) Тараз мемлекеттік университетінде XVI ғасырда өмір сүрген белгілі тарихшы, әдебиетші, философ, «Тарихи Рашидидің» авторы М.Х.Дулатиге мүсінтас қойылды.

10 жыл бұрын (2001) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймақ құру туралы» Жарлыққа қол қойды.

6 жыл бұрын (2005) Мемлекет басшысы «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

6 жыл бұрын (2005) Оралда Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенішіндегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Батыс Қазақстан облысы әкімшілігі және Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясы арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды.

6 жыл бұрын (2005) Семейде Қазақстан ғалымы, абайтанушы, профессор, жазушы, драматург, Абай атындағы сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедхановтың (1916-2004) шығармалар жинағының бірінші томы жарық көрді.

Шығармалардың бірінші томына «Абайдың әдебиет мектебі», «Абай шығармаларының текстологиясы» еңбектері және танымал адамдар туралы мақалалары енді. Саяси қуғын-сүргін жылдары бұл зерттеулерге тыйым салынған, ал авторды «халық жауы» деп айыптап 25 жылға түрмеге қамаған.

Жинаққа кірген Қайым Мұхамедхановтың хаттары мен суреттері ғалымның отбасылық мұрағатынан алынған.

2 жыл бұрын (2009) Астанада өткен Қала құрылысын салушылардың «Қазақстан-2009» VIII форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қала құрылысын салушылар одағының Алтын медалімен марапатталды.

2 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың болашақ собор мешіті құрылысының орнына ескерткіш капсуласын орналастырды және оны «Хазрет Сұлтан» деп атады.

Мешіттің сәулет жобасының бәйгесіне 26 жұмыс түскен. Соның ең үздігі болып «KAZGOR» жобалау академиясы таңдалған.

Орталық бас мешiттiң намаз оқитын залы 12 бұрыштан тұрады. 12 бұрыш негізінің төбесі 40 метрлік күмбезбен орналасады. Мешітте бір мезгілде 5000 адам мінажат ете алады.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1941) химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі сыйлығының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қаныш Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері ПІРӘЛИЕВ Қалдыбай Жайлауұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1965-1994 жылдары — Қазақстан Ғылым Академиясының Бектұров атындағы Химия ғылымы институтының аға зертханашысы, инженері, кіші, аға, жетекші, ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі. 1994-2005 жылдары — Қазақстан Ғылым Академиясының Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты директорының орынбасары. 1994 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясынының Бектұров атындағы химия ғылымдары институты дәрі-дәрмек химиясы зертханасының меңгерушісі, Алматы үздіксіз білім университетінің ректоры қызметтерін атқарып келеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармакопеялық комитетінің мүшесі, Диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары, Республикалық іргелі зерттеулер кеңесінің мүшесі болып табылады. Сондай-ақ «AAPS» Америка фармацевтика ғалымдары Ассоциациясының мүшесі, Қазақ КСР Министрлер Кеңсінің мемлекеттік ғылыми стипендиясының жеңімпазы. Соңғы жылдары Америка азаматтық зерттеулер және даму қорының (CRDF) 3 гранты, АҚШ-тың Оклахома және Нью-Йорк университеті, INTAS гранты бойынша Бельгияның Гент университетінің ғалымдарымен тығыз байланыста жұмыстар жүргізуде. Жаңа дәуірлік заттарды іздестіру және өндіріске енгізу жолындағы жетістіктері үшін Америка фармацевтика ғалымдарының Ассоциациясына мүшелікке қабылданған.

Республикада тұңғыш рет депрессияға қарсы жатрылай синтетикалық дәрілік зат — цефедрин өндіру мен медицинада қолдануды іске асырған.

Ғалымның 700-ге жуық ғылыми еңбегі, 200-дей патенті бар. 26 химия ғылымы кандидатын, 4 докторын даярлаған.

«КСРО өнертапқышы» белгісімен, медальдармен марапатталған.

40 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, халықаралық экономикалық даму бойынша магистр ОРЫНБАЕВ Ербол Тұрмаханұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының тұрғыны. Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Дьюк университетін (АҚШ, Солтүстік Каролина, Дарем қаласы) бітірген. Еңбек жолын «Ақ бастау» Шымкент банкінің маманы болып бастаған. 1993-1995 жылдары — Мәскеу қаласы «Фьючер» банкінің басқарма төрағасының орынбасары. 1995-1996 жылдары — Шымкент қаласындағы «Weikfield Inspection Services Ltd.» Ливерпульдік сертификатталған мақта компаниясы бас директоры. 1996-1997 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 1997-1998 жылдары — Қазақстан Республикасы Көшіқон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары міндетін атқарушы. 1998 жылы — Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформа жөніндегі агенттігі бюджеттік бағдарламалау басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсңсінің бас эксперті. 1998-1999 жылдарым- Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің әлеуметтік экономикалық реформалар мәселелері жөніндегі бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1999-2000 жылдары — Қазақстан Республикасы мемлекеттік істер жөніндегі агенттігі мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры. 2002 жылы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істер жөніндегі агенттігі төрағасының көмекшісі. 2002-2003 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вицеминистрі. 2003-2004 жылдары — «Маркетингтік сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ басқармасының төрағасы. 2004-2005 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары- экономикалық саясат басқармасының бастығы. 2005-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі Әлеуметтікэкономикалық қабылдау бөлімінің меңгерушісі. 2006-2007 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі бьасшысының орынбасары. 2007-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-министрі канцеляриясының бастығы. 2008 жылы — Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары. Қазіргі қызметінде 2011 жылдың сәуірінен бастап істейді.

2009 жылдың қазанынан бастап Астана жаңа университеті АҚ (2010 жылдың маусымынан «Назарбаев Университеті» АҚ), директорлар кеңесінің мүшесі, «СК-Фармация»м ЖШС қадағалау кеңесінің төрағасы болып табылады.

40 жыл бұрын (1971) заң ғылымының докторы, Лейден (Нидерандия) университетінің заң факультеті шығаратын «Review of Central and East European Law» ғылыми журналының редакциялық кеңесінің мүшесі, Каспий қоғамдық университетінің профессоры ҚАРАҒҰСОВ Фархад Сергейұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Мемлекет және құқық институтының аспирантурасын бітірген. Британдық кеңес бағдарламасы шеңберінде Ален&Овери халықаралық заңгерлік фирмасының Лондондағы офисінде сынақ мерзімінен өткен. 1993-1996 жылдары — Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Мемлекет және құқық институтының ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушысы. 1996-1997 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің заңнама бөлімі секторының аға сарапшысы, меңгерушісі. 1997-1998 жылдары — «Қаржы нарықтары институты» қоғамдық қорының президенті. 1998-2000 жылдары — «Кудер Брозерс» халықаралық заң фирмасының Алматыдағы офисінің заңгері. 2000-2006 жылдары — «Қазақстан халық банкі» АҚ басқармасы төрағасының кеңесшісі, заң департаментінің директоры, басқарушы директоры. 2006-2007 жылдары — «Бэйкер және Макензи» компаниясының кеңесшісі. 2007-2009 жылдары — «Қазақстан халық банкі» АҚ бас заң кеңесшісі. 2008 жылдан — Каспий қоғамдық университетінің профессоры, 2010 жылдың шілдесінен — «Sky Bridge Capital» ЖШС-нің құқық жөніндегі басқарушы директоры.

«Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздардың құқықтық тәртібі», «Инвестициялық қорлар: сауалдар мен жауаптар», т.б. кітаптарының және Қазақстанда, таяу және алыс шетелдерде қазақ, ағылшын тілдерінде жарияланған еңбек қатынасына, валюта және банкі заңнамаларына, азаматтық құқық мәселелеріне арналған 80 ғылыми мақаланың авторы. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық жөніндегі оқу құралын дайындаған авторлық ұжымның құрамында болған.

«Құрмет» орденімен, медальмен марапатталған.

МАУСЫМНЫҢ 30-Ы, БЕЙСЕНБІ

Конго Демократиялық Республикасының Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні. Конго Орталық Африкада орналасқан. Батысында және солтүстік-батысында Конго Республикасымен, солтүстігінде Орталық Африка Республикасымен, солтүстік-шығысында Суданмен, шығысында Уганда, Руанда, Бурунди, Танзаниямен, оңтүстігінде Замбиямен, оңтүстік-батысында Анголамен шектеседі. Әкімшілік жағынан 11 провинцияға бөлінеді. Елде 200-ден астам этникалық топтардың өкілдері тұрады. Астанасы — Киншаса қаласы. Ресми тілі — француз тілі. Ақша бірлігі — конго франкі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

92 жыл бұрын (1919) Өскемен түрмесіндегі саяси тұтқындар колчак әскерлеріне қарсы көтеріліс ұйымдастырды.

28 жыл бұрын (1983) Қазақ КСР-нің Тұрғын үй кодексі қабылданды.

6 жыл бұрын (2005) Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Социологиялық зерттеу орталығы құрылды.

Орталық халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа технологияларын және атаулы әлеуметтік көмек жүйесін жақсарту ұсыныстарын құрастырады.

4 жыл бұрын (2007) Астанада Бейбітшілік және келісім сарайының алдында Халықтар достығы монументі ашылды. Монументтің салтанатты ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге қысқа мерзімді жұмыс сапарымен келген Испания Королі Хуан Карлос І және Королева София қатысты.

Аталған ескерткіштің авторлары — суретші Төлеуғазы Байғалиев, сәулетші Саматбек Тәженұлы, мүсінші Асқар Нартов.

Ескерткіштің биіктігі 21 метр. Оның жоғарғы жағында еліміздегі саны 100 мыңнан асатын қазақ, орыс, неміс және кәріс ұлты қыздарының шаңырақты көтеріп тұрған мүсіні бейнеленген. Ескерткіштің ортасында Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың санына сәйкес керегелер мен масақ орналасқан.

2 жыл бұрын (2009) Астанадағы Тәуелсіз сарайы және «Қазақ елі» монументі орналасқан Манас көшесінің аты Тәуелсіздік даңғылы деп өзгертілді.

2 жыл бұрын (2009) Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмола ауылындағы «Ақмола-Феникс» АҚ кеңсесінде Социалистік Еңбек Ері Иван Шарфты мәңгі есте сақтау мақсатымен мемориалды тақта ашылды.

Иван Иванович Шарф (1930-2008) Қарағанды педагогикалық институтынан кейін ұстаздық етіп, соңынан Целиноград зооветеринарлық техникумында, Целиноград ауыл шаруашылығы институтында білімін жалғастырған. Еңбек жолын мектепте мұғалімдіктен бастап, талай жылдар қоғамдық, партия ұйымында, шаруашылық басшысы қызметтерінде жоғары бағаға ие болған. 1975 жылы Целиноград құс өсіру жөніндегі өндірістік бірлестіктің бас директоры қызметіне тағайындалған. Ол 1993 жылы «Ақмола-Феникс» акционерлік қоғамы болып қайта құрылған болатын. 1986 жылы Социалистік Еңбек Ері атанды, кейіннен «Құрмет белгісі», «Октябрь революциясы» ордендеріне ие болды.

«Ақмола-Феникс» — елорданы құс етімен, жұмыртқамен, ұн және нан өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етіп келе жатқан өндіріс орталығы.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодекске сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

ЕСІМДЕР

110 жыл бұрын (1901-1991) геолог, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының, Лениндік сыйлықтың лауреаты МЕДОЕВ Георгий Цараевич дүниеге келді.

Солтүстік Осетия Республикасының Дигора қаласында туған. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) кен институтын бітірген. Қазақ геология тресінде, Семей геологиялық-барлау техникумында еңбек еткен. 1936 жылдан өмірінің соңына дейін қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде және Қазақстан Ғылым Академиясының Геология институтында қызметтер атқарған.

Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның геологиясы мен геоморфологиясын, тектоникасын, вулканизмдерді, соның ішінде, Қарағанды көмір алабының геологиялық құрылысын зерттеу мәселелеріне арналған. Сондай-ақ ол Орталық Қазақстанның металлогения картасын жасауға қатысқан.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

70 жыл бұрын (1941) жазушы, журналист, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ЮСУП Кеңес Сіләмханұлы (Түсіп Рахметуллин) дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында туған. Семейдегі өзен шаруашылығы училищесін тәмамдап, Жоғары Ертіс кеме шаруашылығында еңбек етті. Кейін Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірді. 1968-1996 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде, «Қазақстан коммунисі» (қазіргі «Ақиқат»), «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 1997 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы қызметін атқарған.

Жазушының «Ақиқат сапар», «Қарашадағы көктем», «Охапка полевых цветов» повестері мен әңгімелер жинағы, «Желқайық» кітабы жарық көрген. Сонымен қатар оның терминоология, қазақ тілінде іс жүргізу мәселелеріне арналған «Құжат тілі» кітабы 2001 жылы Павлодар облыстық «Алтын тіл» бағдарламасы шеңберінде жарық көріп, «Жалын» баспасы ұйымдастырған жабық бәйгенің екінші жүлдесін жеңіп алған. Сондай-ақ «Анықтама сөздігі», «Екі тілде іс жүргізу» атты кітаптары шыққан. Габриель Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романын, болгар жазушыларының «Гүлжазира» әңгімелер мен повестер жинағын қазақ тіліне аударған.

Бірнеше медальмен марапатталған.

60 жыл бұрын (1951) «Мұғалжар нефтестрой» ЖШС-інің директоры ИЛЮБАЕВ Қуаныш Далабайұлы дүниеге келді.

Ақтөбе облысы Мұғаджар ауданында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды Жоғары мектебін бітірген. Кеңшар экономисті, Ақтөбе облыстық қаржы бөлімінің аға бақылаушысы болған. 1984-2001 жылдары — Ақтөбе облысы Ішкі істер басқармасы социалистік жеке меншікті талан-таражға салумен күрес жөніндегі бөлімнің аға жедел уәкілі, Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасы қаржы шаруашылық саласындағы қылмыстармен күрес жөніндегі ауданаралық бөлімінің бастығы, экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі басқарманың бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары. 2001-2002 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі. 2004 жылы — Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары. 2004-2005 жылдары — Ақтөбе облысы бойынша Тәртіптік кеңес төрағасы. 2005-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент директоры. 2008-2009 жылдары — «Титан Ақтөбе» коммерциялық фирмасы» ЖСС-інің директоры. Қазіргі қызметінде 2009 жылдан бастап істейді. 2010 жылдың наурызынан — Ақтөбе облыстық маслихатының депутаты.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

40 жыл бұрын (1971) шахматтан халықаралық дәрежедегі шебер БАЛАБАЕВ Тимур Фаритұлы дүниеге келді. Алғашқы жаттықтырушысы — әкесі, Балабаев Фарит Ғазизұлы.

Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетін бітірген (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті). Сібір, Орталық Азия және Қиыр Шығыс студенттер спартакиадасының ҚазМУ командасы құрамындағы жеңімпазы (Алматы, 1992). Новокузнецк қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы (2002, Чехия).

Соңғы жаңалықтар