Жарияланды: 510

2011 жылғы әлемдегі ең қымбат 500 брендтің қатарына Қазақстанның 2 банкі енді

"Brand Finance" Консалтингтік компаниясы мен "The Banker" журналы әлемдегі ең қымбат банк брендтерінің жыл сайынғы дәстүрлі рейтингін жариялады.

Онда Қазақстан банктері арасынан "Қазкоммерцбанк" екінші жылы қатарынан үздіктердің қатарыран табылды. Банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, Қазкоммерцбанк былтырғы жылмен салыстырғанда 368-ден 280-ші орынға көтеріліп отыр. Ал банк брендінің құны 2 есеге жуық өсіп, 184-тен 389 миллион долларға жетті. Жалпы әлемдегі ең қымбет 500 банк брендтерінің ішінде Қазақстаннан 2 қаржы институты еніп отыр. Олар - Қазкоммерцбанк (280 орын) пен Халық банкы (335 орын). Бұл тізімді 30,6 миллиард долларға бағаланған американдық "Bank of America" бастап тұр. Одан кейінгі 2-3 орынды тағы бір американдық "Wells Fargo" (28,9 млрд. доллар) мен британдық HSBC (27,6 млрд. доллар) түйіндеуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін