2011 жылғы мамырда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 5,7%-ға жоғарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2011 жылғы мамырда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 5,7%-ға жоғарылады

2011 жылғы мамырда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 5,7%-ға жоғарылады

2011 жылғы мамырда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 5,7%-ға жоғарылады, делінген ҚР статагенттік хабарында.

  • 1 Маусым 2011
  • 459
Фото - Caravan.kz

Ағымдағы жылғы мамырда сәуірмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағасы 5,7%-ға жоғарылады. Өндірілген өнім 6,1%, өндірістік сипаттағы қызметтер — 0,9%-ға қымбаттады. Бағаның жоғарылауы кен өндіру өнеркәсібінде 7,8%, өңдеу өнеркәсібінде – 1,9%-ға байқалды.

Өткен айда бағаның сұйытылған пропан пен бутанға 10%, мұнайға – 9,4%, газ конденсатына – 6,6%, отындық мазутқа – 5,9%, табиғи газға – 4,1%, дизельдік отынға – 3,6%-ға жоғарылауы, металл кендеріне – 1,5%, бензинге – 0,4%-ға олардың төмендеуі тіркелді.

Бір айда баға қымбат металдарға 13,2%, алюминийге – 5,9%, ферроқорытпаларға – 3%, қара металдар илегіне – 2,3%-ға жоғарылады, қорғасынға – 15,5%, мырышқа – 4,9%, мысқа – 0,8%-ға төмендеді.

Жармалар 9,9%, қант – 4,2%, маргарин – 2,1%, өсімдік майы – 1,6%, сүт өнімдері – 1,3%, нан – 1%, қара бидай ұны — 0,5%-ға қымбаттады, құс еті – 0,6%, мал еті – 0,2%-ға арзандады.

Соңғы жаңалықтар