Жарияланды: 400

2011 жылғы маусымда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 16 851 теңгені құрады

2011 жылғы маусымда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 16 851 теңгені құрады, деп хабарлады ҚР статистика агенттігі.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда 5,7%, 2010 жылғы маусыммен – 20,7%-ға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,1%, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14,7%, жемістер мен көкөністерді – 15,8%, нан және жарма өнімдерін – 7,7%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,7%-ды құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін