2011 жылғы сәуірде халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы жылдық көрсеткіште 11,9% өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2011 жылғы сәуірде халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы жылдық көрсеткіште 11,9% өсті

2011 жылғы сәуірде халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы жылдық көрсеткіште 11,9% өсті

2011 жылғы сәуірде халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 43828 теңгені құрап, 2010 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 11,9%-ға артты. Нақты ақшалай табыстары 3,2%-ға өсті, делінген сейсенбі күні ҚР статистика агенттігі таратқан хабарда.

  • 14 Маусым 2011
  • 412
Фото - Caravan.kz

2011 жылғы сәуірде орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда, мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,4-1,8 есеге артты.

2011 жылғы сәуірде табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден орташа алғанда 60,1% және 70,4% құрады. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында белгіленді.

2011 жылғы сәуірде өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,9 есені құрады (2010 жылғы сәуірде – 3,8 есе).

Соңғы жаңалықтар