2011 жылғы шілдеде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 16 610 теңгені құрады - статашегттік - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2011 жылғы шілдеде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 16 610 теңгені құрады - статашегттік

2011 жылғы шілдеде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 16 610 теңгені құрады - статашегттік

2011 жылғы шілдеде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 16 610 теңгені құрады, делінген ҚР статагенттік таратқан хабарында.

  • 1 Тамыз 2011
  • 474
Фото - Caravan.kz

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда 1,4%-ға азайды, 2010 жылғы шілдемен – 20,9%-ға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,9%, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқаны, жемістер мен көкөністерді – 14,8%-дан, нан және жарма өнімдерін – 7,8%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,7%-ды құрады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Соңғы жаңалықтар