Caravan Logo

2011 жылы автожолдарды жөндеу мен салуға Т340 млрд жұмсалады

2011 жылы автожолдарды жөндеу мен салуға Т340 млрд жұмсалады

«2011 жылғы автожолдарға деген бюджет 340 млрд теңгені құрады, оның 246 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 94 млрд теңгесі - трансферттер», - делінген дүйсенбі күні үкімет отырысының алдында таратылған ақпаратта.

«2011-2013 жылдарға арналған республикалық маңызды жобаны құру кезінде парламент депутаттарының сұранымдары бойынша 2011 жылға 5,7 млрд теңге көлемінде облыстық және аудандық маңыздағы автокөлік жолдарының жобаларын қаржыландыру мақұлданды, ал үстіміздегі жылдың ақпан айында республикалық бюджетті нақтылау кезінде тағы 4,6 млрд теңге қарастырылды», - делінген ақпаратта.