2011 жылы Қазақстанда электр станциялардың жабдықтарын жөндеуді 16%-ға арттыру жоспарланып отыр
2011 жылы Қазақстанда электр станциялардың жабдықтарын жөндеуді 16%-ға арттыру жоспарланып отыр, деп мәлім етті индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министріАльберт Рау. |
«Өткен жылмен салыстырғанда биыл біз 7 энергоблоктағы, 10 турбинадағы негізгі энергетикалық жабдықтарды жөндеуді жоспарлап отырмыз, бұл 16%-ға көп», - деді ол сейсенбі күні үкіметтің селекторлық кеңесінде.
А. Рау-дың ақпаратына сәйкес, 2011 жылы «жылыту маусымына дейін 11 энергоблоктың, 60 энергетикалық қазандықтың, 52 турбинаның жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Негізгі жабдықтарды жөндеу көлемдерінің өсу қарқыны байқалып отыр».
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін