«Еліміздетұрғын үй құрылысын әрі қарай дамыту және тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемін жыл сайын 6 млн шаршы метрден кем емес деңгейде сақтау жөнінде шаралар қабылданды. Біздің пайымдауымызша, тұрғын үй құрылысына салынатын инвестиция көлемі былтырғы жылғы деңгейде сақталады», — деп С.Нокин «Интерфакс-Қазақстан» агенттігімен болған сұхбатында атап көрсетті.
«Статистикалық агенттік мәліметіне сәйкес, 2011 жылдың қаңтар-сәуір айларында қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 96,4 млрд теңге, яғни 2010 жылдың сәйкес көрсеткішіне шаққанда 133,8% инвестиция бағытталды», — деп ол еске сала кетті.
Аталған мерзімде елімізде 1,63 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл 2010 жылдың көрсеткішіне шаққанда 97% құрайды. Тұрғын үйді пайдалануға беру пайызы жылдық жоспарға шаққанда 26,7% болды, дейді ол.
Бұрын хабарланғандай, 2010 жылы Қазақстанда құрылыс саласына салынған инвестиция көлемі 317 млрд теңгені құраған болатын.
С.Нокинмен сұхбатты «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіні www.interfax.kz сайтынан оқи аласыздар.