2011 жылы ҮИИДБ аясында 200 нысан пайдалануға беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2011 жылы ҮИИДБ аясында 200 нысан пайдалануға беріледі

2011 жылы ҮИИДБ аясында 200 нысан пайдалануға беріледі

2011 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 200 нысан пайдалануға беріледі.

  • 4 Шiлде 2011
  • 457
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада Астана күнін мерекелеу салтанатының басталғандығын білдіретін Мемлекеттік туды көкке көтеру рәсімі кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Астана орталығында көтерілген Мемлекеттік ту елорда күнін атап өту шараларын бастап бергенін айтқан Елбасы, Қазақстанның Тәуелсіздік алған соңғы 20 жыл уақыт ішінде қол жеткізген жетістіктері аз еместігін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан алдында одан да күрделі мақсаттар тұрғандығын ерекшелеп өтті.

«Елімізді индустрияландыру, жаңа экономиканы құру міндеттері тұр. Біз бұл жұмысты екінші жыл қатарынан атқарып келеміз. Былтыр 152 нысанды аштық, биыл тағы 200 нысанд пайдалануға енгіземіз», — деді Елбасы салтанатты шара барысында.

Сондай-ақ ҚР Президенті Н. Назарбаев бүгін Астана күні мерекесі кезінде ҮИИДБ аясында бүгін бірқатар кәсіпорындар ашылатындығын мәлім етті.

Индустриялық-инновациялық форум 4 шілде күні Астанадағы «Көрме» кешенінде сағат 15.00-де өткізіледі деп жоспарланған. Форум барысында Елбасы қатысуымен тікелей эфир арқылы Индустрияландыру картасы аясында жүргізілген 2011 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 75 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар