2011-2015-ші жылдары Қазақстанның шаруа қожалықтарында 224 мың бас ІҚМ орналастыру жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2011-2015-ші жылдары Қазақстанның шаруа қожалықтарында 224 мың бас ІҚМ орналастыру жоспарлануда

2011-2015-ші жылдары Қазақстанның шаруа қожалықтарында 224 мың бас ІҚМ орналастыру жоспарлануда

Қазақстанның фермерлік шаруашылықтарында 2011-2015-ші жылдары 224 мың бас ІҚМ жайғастыру жоспарлануда, деп «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ басқармасының төрағасы Берік Бейсенғалиев сәрсенбі күні мәлім етті.

  • 8 Маусым 2011
  • 596
Фото - Caravan.kz

«Етті мал шаруашылығын дамыту жобасы бір-біріне тығыз байланысты бизнес-бірліктер деп аталатын жоба учаскелерінен тұрады. Олар мал бордақылау алаңдары, асылдандыру шаруашылықтары, фермерлік шаруашылықтар», — деп «ҚазАгро» жобасының басшысы түсіндірді. Ол аймақтардың әлеуетін ескере отырып, аймақтарға осы жобадағы нысандарды орналастыру желілері әзірленгенін айтты. Ол бүкіл елді қамтиды.

Бұл ретте, оның айтуынша, жобаны сәтті іске асырудың ең басты шарты мал шаруашылығымен айналысатын фермерлік шаруашылықтарды дамыта білу.

«Бұл үшін холдинг «Сыбаға» бағдарламасын әзірлеп, оның аясында фермерлік шаруашылықтар ІҚМ алуға несие ала алады. Оны несиелендірудің жылдық ставкасы 6%-ды құрайды», — деді ол.

Бүгінгі күнге бағдарлама аясында 28,2 мың бас аналық мал сатып алуға өтініш қабылданды. Жамбыл облысының фермерлік шаруашылықтарында 1200 бас ІҚМ-ға өтініш қабылданып, олардың 700 бас ІҚМ-ын қаржыландыру туралы шешім қабылданды.

«Ағымдағы жылы фермерлік шаруашылықтарға 40 мың бас ІҚМ сатып алу, оның ішінде 5 мың басын Жамбыл облысының шаруашылықтарымен сатып алу міндеті тұр», — деді Б. Бейсенғалиев.

Фермерлік шаруашылықтардың ІҚМ сатып алуларына өтініш санын арттыру үшін «ҚазАгро» қарыз алушыларға деген талаптарын да жұмсартты. «Фермерлік шаруашылықтарда сатып алынатын мал басының кем дегенде 50% мал басы өзінде болуы тиіс деген шарт 25% мал басы болса жеткілікті деп жұмсартылды. Аталған бағдарламада тіпті малдары жоқтардың да қатысу мүмкіндіктері қарастырылуда, олар 25%-ға дейінгі мөлшермен қаржыландырыла алады», — деп түсіндірді ол.

Соңғы жаңалықтар