«Біз үкіметтік емес ұйымдардың іс-қызметін қаржыландыру мөлшерін ұлғайта түспекшіміз. Алдағы онжылдықтың басынан бастап қаржыландыру деңгейін біртіндеп 1 млрд. теңгеге жеткіземіз»,- деді Н.Назарбаев.
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы жаңа заңды қабылдау арқылы біз үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттің ауқымды әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыруға атсалысуға грант негізінде ынталандыратын тиімді жүйе қалыптастырамыз»,- деді мемлекет басшысы. Оның айтуынша, тек соңғы екі жылда аймақтық бағдарламалар аясында әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға 170 млн. теңге, ал «министрлік және мекемелердің желісімен 300 млн. теңге» бөлінді.
Президенттің пайымдауынша, «мемлекеттік тапсырыс механизмі билік пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ықпалдастықтың тың парағын ашып, үшінші секторды дамытуға мейлінше қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді».
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті