2012 жыл ішінде бүкіл әлем бойынша 141 журналист құрбан болды - журналистік ұйым
2012 жылы әлемнің 29 елінде 141 журналист құрбан болды, бұл ең жоғары көрсеткіштің біріне айналды, делінген Швейцариядағы Press Emblem Campaign (PEC) тәуелсіз журналистік ұйым баяндамасында. |
Ұйым мәліметіне сәйкес, қайтыс болған журналистер саны 2011 жылмен салыстырғанда 31%-ға артқан. БАҚ қызметкрелерінің басым бөлігі, яғни 37 адам Сирияда көз жұмған. Журналистер үшін Сириядан кейінгі қауіпті елдер қатарында Сомали, Мексика, Бразилия, Гондурас тұр.
Мұнымен қоса, төрт журналисті ұрлап кеткен немесе із-түзсіз жоғалған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін