2012 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі ЖІӨ 5,2 пайызды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2012 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі ЖІӨ 5,2 пайызды құрады

2012 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі ЖІӨ 5,2 пайызды құрады

Алдын ала бағалау бойынша 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі жалпы ішкі өнім 5,2 пайызды құрады.

  • 31 Қазан 2012
  • 390
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндаған Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Қазақстанның экспорттық өнімдеріне сұранысты қысқартқан әлемдік жағдайдағы тұрақсыздық қазірдің өзінде еліміздің экономикасына әсерін тигізуде. Алдын ала бағалау бойынша 2012 жылғы қаңтар-қыркүйек арасында ЖІӨ 5,2 пайызды құрады. Өнеркәсіп өсімі — 0,5 пайызды, өңдеу өнеркәсібі — 0,6 пайызды құраса, тау-кен өндірісінің көлемі 2011 жылдың тиісті кезеңдегі деңгейде сақталды. Өсімнің төмен қарқыны мұнай өндіру көлемінің 1,8 пайызға және темір рудасын өндіру көлемінің 2,6 пайызға қысқаруымен түсіндіріледі»,-деді Е. Досаев.

Министрдің айтуынша, бұлардан бөлек өндіру өнеркәсібінің жекелеген салалары бойынша өсімнің төмендеуі, атап айтқанда, металлургиядағы өндіру көлемі — 1,2 пайызға, дайын металл бұйымдарының өндірісі — 1,4 пайызға төмендеуі жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар