2012 жылғы «Алтын Жүрек» сыйлығының иегерлері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2012 жылғы «Алтын Жүрек» сыйлығының иегерлері анықталды

2012 жылғы «Алтын Жүрек» сыйлығының иегерлері анықталды

VI жыл сайынғы «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының номинанттары белгілі болды, деп хабарлады ұйымдастыру комитетінің төрайымы Жұлдыз Омарбекова.

  • 27 Қазан 2012
  • 571
Фото - Caravan.kz

Оның сөзіне қарағанда, сыйлықтың қоғамдық кеңесіне әдеттегідей өз саласындағы ең үздік мамандар енді. Биыл қазылар алқасының құрамында «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ермек Аманшаев, олимпиада чемпиондары, боксшылар Ермахан Ибрайымов пен Серік Қонақбаев, журналистер Сара Мұстафина және Амангелді Сейітхан, киносыншы Олег Борецкий мен басқа да танымал тұлғалар бар. Олардың пікірі бойынша, жыл сайын мейірімді адамдардың ішінен ең лайықты азаматты таңдап алу қиынға соғып барады.

Биыл марапатқа қатысу үшін 100 өтініш берілді. Іріктеу 3 кезеңнен өтті. «Байқауға заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да қатыса алады. Іріктеудің алғашқы кезеңінде ұйымдастыру комитеті барлық расталған құжаттардың негізінде таңдау жасады. Екінші кезеңде дауыс беру рейтингісі арқылы сарапшылар кеңесі таңдау жасады. Қоғамдық кеңес жасырын дауыс беру арқылы жүлдегерлерді анықтайды. Үміткерлер бойынша талқылау өткен соң дауыс беру арқылы жеңімпаз анықталады», — деді Ж. Омарбекова.

Таңдау жасалды. «Алтын Жүрек» премиясының жаңа жүлдегерлерін айқындау және қан тамшысы бейнеленген алтын мүсінді табыс ету бүгін кешке Алматыда Абай атындағы Мемлекеттік акдемиялық опера және балет театрының ғимаратында өтеді.

Соңғы жаңалықтар