Жарияланды: 430

2012 жылғы ауыл шаруашылығы өнімділігі оның алдындағы жылдан 17 пайыз кем болды

2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1938,8 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 17,8% кем түскен. Оның себебін статистика агенттігінің төрағасы 2011 жылғы астық өнімінің рекордтық нәтиже көрсеткенімен түсіндірді.

Сондай-ақ, 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі 475,3 млрд. т/км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7% өсті. «2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 107,2%-ды құрады», деп атап өтті Әлихан Смайылов. Есепті кезеңде бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 4319,9 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 12,9% өскен. Есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 11735,2 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 15,2% артты. Сондай-ақ, есепті кезеңде тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 205,2 млрд. теңгені құрады және 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 13,3% өсті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін