Сондай-ақ, 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі 475,3 млрд. т/км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7% өсті.
«2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 107,2%-ды құрады», деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Есепті кезеңде бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 4319,9 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 12,9% өскен.
Есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 11735,2 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 15,2% артты.
Сондай-ақ, есепті кезеңде тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 205,2 млрд. теңгені құрады және 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 13,3% өсті.