2012 жылғы наурызда Қазақстанның 17 000 000-шы тұрғыны өмірге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2012 жылғы наурызда Қазақстанның 17 000 000-шы тұрғыны өмірге келеді

2012 жылғы наурызда Қазақстанның 17 000 000-шы тұрғыны өмірге келеді

Биыл 31 қазанда жер тұрғындарының саны 7 миллиард адамға жетеді.

  • 7 Шiлде 2011
  • 558
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Орталық Азиядағы өлім-жітім» деп аталатын халықаралық семинарда айтылды.

» 2004 жылдың 28 мамырында Қазақстанның 16 000 000-шы тұрғыны өмірге келген болатын. Оның есімі — Перизат Өскенбаева. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы Бозай деген елді мекенде өмірге келді. Ал оның сыңары Бекзат Өскенбаев — 16 000 001 қазақстандық болды», — дейді ҚР Статистистика агенттігінің Әлеуметтік және демографиялық статистика департаменті директорының орынбасары Ерболат Мұсабеков. Оның айтуынша, Қазақстаның 17 000 000-шы тұрғыны 2012 жылдың наурыз айында өмірге келеді деп болжануда. Жалпы Кеңес одағы құлап, одақтас республикалар өз тәуелсіздіктерін жариялағаннан кейін Қазақстанда 1992-1997 жылдары өзге ұлыс өкілдерінің бірқатары өз елдеріне қоныс аударғандықтан, халық санының азаю үрдісі жүрген болатын.

Соңғы жаңалықтар