Жарияланды: 280

2012 жылы Астанада 13 366 пәтер пайдалануға берілді

2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция көлемі 61217,7 млн. теңге болды.

Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 76,6%-ды құрайды. Инвестицияның жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген негізгі қаражаттың үлесі 9,9%, - деп хабарлайды Астана қаласының Статистика департаменті. Елорданың ресми сайтының жазуынша, барлық қаржыландыру көзі есебінен 13 366 пәтер пайдалануға берілді. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 1 292 858 шаршы метрді құрайды. Бұл 2011 жылғы деңгейден 7,9% төмен. Жеке үй салушылар жалпы көлемі 54 269 шаршы метр үй тұрғызды. Бұл 2011 жылғы деңгейдің 75,6% -ы. Жеке тұрғын үй салушылардың үлесі пайдалануға берілген жалпы тұрғын үйлердің 4,2%-ын құрайды. 2011 жылы ол 5,1% болған. Құрылыстың нақты орташа бағасы жалпы тұрғын үй көлемінің 1 шаршы метріне 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елордада 90,7 мың теңгені (2011 жылы - 90,0 мың теңге), ал құрылыстың пайдалы 1 шаршы метріне нақты орташа бағасы 123,5 мың теңге (2011 жылы - 118,5 мың теңге), соның ішінде жеке үй салушылар құрылысының бағасы 46,0 мың теңге болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін