«Бірінші кезекте, бұл қаржы жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталады. Бірақ егер олар жаңа жобалар арқылы өз бизнестерін дамытпаса, басқа аймақтардан бизнесмендерді шақырамыз. Тілек білдірушілер жеткілікті», — деді Б. Рысқалиев әкімдіктегі жұмыс кеңесінде.
Әкімнің айтуынша, аграрлық секторда жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін облыстық бюджет қаржысының 80% шағын несиелік ұйымдар арқылы, ал 20% кәсіпкерлердің өз қаржысы есебінен қарастырылады.