Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 6 млрд теңге жұмсалды.
Бүгінгі таңда қордың несие қоржыны 21,4 млрд теңге. Онда ең көп үлес (жалпы мөлшердің 45%)»Сыбаға» мал шаруашылығын дамыту бағдарламасына, 27%-ы «Ауылдық шағын несие», 12%-ы «Шағын несиелік ұйымдар» бағдарламасына тиесілі.
2012 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 3 млрд теңге жұмсалды, ауыл тұрғындарына аналық ірі қара мал сатып алуға 462 несие берілді. Қордың жеке қаражатынан (қайта инвестициялық) 1 млрд 883,1 млн теңге сомаға 314 несие берілді.
Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде 2011-2012 жылдары қор тарапынан 10 млрд 208,3 млн теңге жалпы сомаға 1 мың 668 жоба қаржыландырылды. Соның есебінен қарызгерлер 55 мың 486 бас аналық ірі қара мал және 2 мың 426 етті асыл тұқымды бұқа сатып алды.
Былтырғы жылы ауылдық шағын несие бағдарламасы бойынша қор тарапынан 3 млрд 143,8 млн жалпы соманың 3 мың 732 шағын несиесі берілді. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2005 жылдан бастап қожалық шаруашылықтар мен ауыл тұрғындарына 17,9 млрд теңге жалпы соманы құрайтын 66 мың 662 шағын несие берілді.