2012 жылы Азық-түлік келісім шарт корпорациясы электрондық аукцион арқылы 1 млн. тонндан астам астық өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2012 жылы Азық-түлік келісім шарт корпорациясы электрондық аукцион арқылы 1 млн. тонндан астам астық өткізді

2012 жылы Азық-түлік келісім шарт корпорациясы электрондық аукцион арқылы 1 млн. тонндан астам астық өткізді

2012 жылдың қорытындысы бойынша «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ «Еуразия сауда жүйесі» (ЕСЖ) тауар биржасында жасырын аукцион арқылы өткізген астықтың жалпы көлемі 1 млн. тоннадан асты. Бұл ретте ең жоғары баға тоннасына 47 064 теңгені (ҚҚС қоса) құрады.

  • 10 Қаңтар 2013
  • 332
Фото - Caravan.kz

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 3 сыныпты жұмсақ бидайды коммерциялық сату мақсатында Қазақстанның астық рыногында бірінші рет жасырын электронды биржалық аукциондарды өткізуді бастағанын естеріңізге саламыз.

Жасырын биржалық аукцион — бұл сауда тәртіптерінің барынша айқындығын, қолжетімділігін және тиімділігін қамтамасыз ететін ЕСЖ биржасындағы электрондық онлайн-сауда саттық режимі. Саудаға бір сатушы және көптеген жасырын сатып алушылар қатысады. Нәтижесінде сауда кезінде қалыптасқан нарық конъюнктурасын ескеретін объективті нарық бағасына қол жеткізіледі.

Сонымен, алғашқы сауда-саттық 2012 жылғы 17 қазанда өткізілді. 20 мың тонна астық шығарылды: 5 000 тоннадан 4 лот, бастапқы бағасы тоннасына 45 000 теңгені (ҚҚС қоса) құрады. Оның қорытындысы бойынша тоннасы 45 010 теңгеден 5 мың тонна астық — 1 лот сатылды.

Бірінші сауданың тәжірибесін ескеріп, Азық-түлік келісім шарт корпорациясы астықты өткізу шарттарына өзгертулер енгізгенін атап айту керек, бұл сауда-саттықты өткізуді жеделдетті. Ықтимал сатып алушыларға қаржы ұйымдарының кепілдемесімен 9 және 10 айға аукционда сатып алған астыққа төлем мерзімдерін ұзарту мүмкіндігі беріледі. Соңғысының «Standard & Poors» агенттігімен берілген «В-» рейтингінен төмен емес борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуіне ұқсас деңгейдегі рейтингі болуы тиіс.

Нәтижесінде 2012 жылғы қазанның ортасынан бастап желтоқсанның соңына дейінгі кезеңде ЕСЖ саудасы бойынша Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 1 млн. тоннадан астам астық сатты.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы мен ЕСЖ арасында ынтымақтастықтың дамуының кезекті сатысы ЕСЖ жанынан Астық жөніндегі биржа комитетінің құрылуы болды. Комитеттің басты міндеті астықпен биржалық сауда-саттықтың одан әрі дамуының стратегиясы мен құралдарын әзірлеу болып белгіленді.

«Еуразия сауда жүйесі» сауда биржасы АҚ Басқарма төрағасы Құрмет Оразаевтың айтуынша, комитет астықпен сауда-саттықтың тәртібі мен шарттарын оңтайландыруға, астық нарығы бойынша ортақ ақпараттық базаны құруға, үдерістерді, оның ішінде логистикалық үдерістерді бір ізге салуға мүмкіндік береді.