2012 жылы мәдениет саласының қаржыландырылуын ЖӨІ 1% дейін ұлғайту керек - Ертісбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2012 жылы мәдениет саласының қаржыландырылуын ЖӨІ 1% дейін ұлғайту керек - Ертісбаев

2012 жылы мәдениет саласының қаржыландырылуын ЖӨІ 1% дейін ұлғайту керек - Ертісбаев

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәдениеттің мемлекеттік қаржыландыру мөлшерін 2012 жылға дейін ЖІӨ 1% дейін ұлғайту керек. Мұндай пікірді бүгін үкімет сағаты кезінде ҚР мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Желтоқсан 2007
  • 722
Фото - Caravan.kz

«Шетелдік тәжірибені және саланы жаңарту жөніндегі жүйесінің нақты шараларды ескере отырып 2012 жылға дейін мәдениет, ақпарат және тілдерді дамытуға бөлінетін қаржы мөлшерін ЖІӨ 1% дейін ұлғайту қажеттілігі туындап отыр. Бұл еліміздің бәсекелестікке қабілетті 50 мемлекет қатарына енудің маңызды шарттарының бірі болып табылады», — деді Е. Ертісбаев.

Ол атап өткеніндей, 2007 жылы Қазақстанда мәдениетті дамытуға жұмсалытн шығындар ЖІӨ-нің 0,2% , ақпараттық кеңістікті дамытуға 0,1%, ал тіл саясатын жүргізуге 0,01% қаржы жұмсалады.

Оның айтуынша, «2007 жылы министрліктің бюджеті 2006 жылмен салыстырғанда 60% немесе 40,3 млрд теңгені құрады, ал 2008 жылы 50,6 млрд теңге бөлінді».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті