2012 жылы «Нұр Отанның» көмегіне 90 мыңға жуық адам жүгінді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2012 жылы «Нұр Отанның» көмегіне 90 мыңға жуық адам жүгінді

2012 жылы «Нұр Отанның» көмегіне 90 мыңға жуық адам жүгінді

2012 жылы «Нұр Отан» партиясына 90 мыңға жуық арыз-шағым түсті.

  • 9 Қаңтар 2013
  • 278
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін брифинг барысында партияның Орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов мәлім етті.

«2012 жылы қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 86 930 адам шағым түсірген. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 7791 адамға көп», — деді Ж.Жүкенов. Оның айтуынша, олардың негізгі бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, баспанамен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, сондай-ақ құқықтық көмек беру салаларына байланысты.

Оның атап өтуінше, 2012 жылы мемлекеттік органдарға азаматтардың 20 617 өтініші жолданып, оның 16 097-і қаралды. Назарға алынған өтініштердің 8007-і бойынша оң шешім қабылданды. 2012 жылы партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау барлық деңгейдегі депутаттардың қатысуымен өтті. Олар осы жыл ішінде 7148 қабылдау өткізіп, 18 159 азаматтың өтінішін тыңдады.

Бұдан бөлек, 1118 көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, 10 мыңнан астам азаматтың мұң-мұқтажы тыңдалды.