Жарияланды: 270

2012 жылы Қазақстанда адам құқына қатысты жағдай өзгерген жоқ- құқық қорғаушылар

Билік уәде еткенмен, Қазақстанда адам құқына қатысты жағдай өзгерген жоқ, деп мәлімдеп отыр адам құқы мен заңдардың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросының құқық қорғаушылары.

"Құқық қорғаушылардың іс-қимылдарына және биліктің халықаралық стандарттарға сай боламыз, деген уәделеріне қарамастан Қазақстанда адам құқына қатысты жағдай өзгерген жоқ, қайта жыл өткен сайын нашарлап келеді", делінген құқық қорғаушылардың аяқталып келе жатқан жыл нәтижелері бойынша жасаған баяндамасында. Олардың пікірінше, соңғы жылдары қазақстандық қоғамға тән болған бүкіл аурулар 2012 жылы тіпті шиеленісе түскен. Баяндамада атап өтілгендей, республикада адам құқы жөніндегі өкілетті институтты адам құқы жөніндегі ұлттық мекемелерге қатысты Париж қағидаларына сәйкестендіру үшін ештеңе жасалмаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін