Жарияланды: 460

2012 жылы Қазақстанда өндірілген мұнай көлемі 1,9% кеміген

2012 жылы Қазақстанда 66 млн 461 мың 500 тонна шикі мұнай мен 12 млн 749 мың 200 тонна газ конденсаты өндірілген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,9% және 3,7% артық.

Мемлекеттік статистика агенттігінің деректеріне қарағанда, аталған уақыт аралығында елімізде 40 млрд 261 млн 300 мың текше метр табиғи газ өндірілген (1,8% артық). Соның ішінде газ түріндегі табиғи отын көлемі 20 млрд 310 млн текше метр (5,2% артық), мұнайдан алынатын ілеспе газ көлемі 19 млрд 780 млн 1 мың текше метрді құрады (2,1% артық).

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін