Жарияланды: 420

2012 жылы Қазақстанда қылмыстар 39,1 пайызға көп жасалды - Бас прокуратураның қорытындысы

2012 жылдың 12 айында еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 39,1 пайызға (206 801-ден 287 681-ге) өскен.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің баспасөз қызметінен хабарланды. «Мәселен, ұрлық 46,7 пайызға (121 617-ден 178 461-ге), бұзақылық 63,1 пайызға (10 650-ден 17 325-ке), алаяқтық 50,3 пайызға ( 15 059-дан 22 638-ге), тонау 11,8 пайызға (18 117-ден 20 259-ға) артқан. Қылмыстардың бұл түрлері жалпы тіркелген қылмыстылықтың негізгі бөлігін - 83 пайызын құрайды. Қылмыстың бұлайша өсуі жалпы алып қарағанда түсінікті, өйткені олар бұрын дәстүрлі түрде жасырылып келген қылмыстар есебінен болып отыр», - делінген баспасөз хабарламасында. Қылмыстардың бұл түрлері жалпы тіркелген қылмыстылықтың негізгі бөлігін - 83 пайызын құрайды Бұдан бөлек, қылмыстардың құрамындағы аса ауыр қылмыстар үлесі - 1,1 пайызды (3081), ауыр қылмыстар - 10,7 пайызды (30 369), ауырлығы орташа қылмыстар - 79,4 пайызды (288 444), ауыр емес қылмыстар 8,9 пайызды (25 460) құраған. «Бұл ретте, жалпы алғанда еліміздегі қылмыстылық ахуалы ушыққан жоқ, қайта оның ішінде кісі өлтіру 10,8 пайызға төмендеді», - делінген баспасөз хабарламасында. Осылайша, прокуратураның хабарлауынша, қылмыстылықтың өсуі еліміздің барлық өңірлерінде байқалған. Мұны осы жылдың 1 қаңтарынан бастап құқық қорғау органдарында өтініштер мен хабарламалардың барлық түрлерін бірыңғай тіркеудің енгізілуімен, сондай-ақ қылмыстардың, оның ішінде көрсеткіш қууға, соған орай қылмыстарды жасыруға алып келетін орташа және ауыр емес қылмыстардың жалпы ашылуына бұрынғыша баға беруден бас тартумен түсіндіруге болады. Сөйтіп, тіркеудің ашықтығы мен көрсеткіш қууға мүдделіліктің жоқтығы қылмысты тіркеудің шынайылығын қамтамасыз етіп, қылмыстылық үдерісіне әсер ететін алғышарттар жиынтығын ашып көрсетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін