2012 жылы Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 3,8% артты
2012 жылы еліміздің негізгі капиталына 5 трлн 455 млрд 36 млн теңге инвестиция салынған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,8% артық. |
Мемлекеттік статистика агенттігінің деректеріне сүйенсек, тау-кен өндірісі және карьерлерді игеру (28,9%), тасымал және қойма саласы (19%), жылжымайтын мүлік операциялары (8,4%) салаларының инвестициялық тартымдылығы жоғары.
Инвестицияның басым бөлігін шаруашылық нысандарының өз қаржысы құрайды. 2012 жылы бұл көрсеткіш 53,7%-ды құраған (2011 жылы 45,6%). Жалпы инвестицияның ішінде: мемлекет қаржысы 20,5% (2011 жылы 21%), шетелдік инвестиция - 13,7% (21,5%), несие үлесі - 12,1% (11,9%).
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін