Мемлекеттік статистика агенттігінің деректеріне сүйенсек, тау-кен өндірісі және карьерлерді игеру (28,9%), тасымал және қойма саласы (19%), жылжымайтын мүлік операциялары (8,4%) салаларының инвестициялық тартымдылығы жоғары.
Инвестицияның басым бөлігін шаруашылық нысандарының өз қаржысы құрайды. 2012 жылы бұл көрсеткіш 53,7%-ды құраған (2011 жылы 45,6%). Жалпы инвестицияның ішінде: мемлекет қаржысы 20,5% (2011 жылы 21%), шетелдік инвестиция — 13,7% (21,5%), несие үлесі — 12,1% (11,9%).