Қала басшысы кеңесте қысқы Азия ойындары кезінде салынған барлық спорт нысандары әлемдік сарапшылардың жоғары бағасын алғандығын атап өтіп, «Спорттық нысандардың барлығы өте құнды әрі әлемдік стандартқа жауап береді. Біз жоғары дәрежедегі спорттық шараларды өткізуге күш жұмсауға тиіспіз. Бұл нысандарда қалалықтар да жаттығып, туристердің қызығушылығы да артатын болады», — деді қала әкімі Ахметжан Есімов.
Ол бұл тарапта Президенттің өңірлік туристік орталық ретінде Алматыны дамыту туралы үлкен міндеттер қойып отырғандығын да айтты.
«Егер біз бұл міндеттерді жүзеге асыра отырып, 2015 жылы тау шаңғысы трассасын 500 шақырымға дейін ұзартатын болсақ, онда 30 мың жаңа жұмыс орны пайда болады. Бұл үлкен кіріс әкелетін экологиялық жағынан тиімді іс, демек осы ретте Азиаданың біз үшін маңызы өте үлкен», — деп қорытындылады өз сөзін кеңесте А.Есімов.