2012 жылы тұрғын үй құрылысы жинағы жүйесіне 6 мыңнан астам қазақстандық қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2012 жылы тұрғын үй құрылысы жинағы жүйесіне 6 мыңнан астам қазақстандық қатысты

2012 жылы тұрғын үй құрылысы жинағы жүйесіне 6 мыңнан астам қазақстандық қатысты

Қазақстанда үстіміздегі жылғы қаңтардан қыркүйекке дейінгі уақыт аралығында 6 мыңнан астам адам тұрғын үй құрылысы жинағы жүйесінің салымшылары болды,

  • 8 Қараша 2012
  • 276
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты Құрылыс және ТКШ агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2012 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 6043 адамға жалпы сомасы 22,2 млрд. теңгеден астам тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй займдары берілді», -делінген Агенттіктің хабарламасында.

Оның ішінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 1758 қатысушыға 5,8 млрд теңге займ берілген, бұл жалпы қатысушылар санының 29 пайызды құрайды.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өз жұмысын бастаған сәттен бері 260 мыңдай қатысушы жалпы жинақ сомасы 110 млрд теңге болатын тұрғын үй құрылыс жинағына келісім шарт жасасқан.

Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде республикада жалдамалы тұрғын үйді жоспарлы іске қосу жүргізілуде. 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында пайдалануға берілген жалпы ауданы 46,9 мың ш.метр тұрғын үй, ауданы 39,2 мың ш. метр пәтер, жоспарлы ауданы 136 мың ш. метр 699 пәтер сатылып алынған.

Естеріңізге сала кетсек, «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы Елбасының Қазақстан халқыны арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында айтылған тапсырмалар негізінде жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдаудың шаралар кешенін қарастырады және оның басты мақсаты азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламаға сай, 2012-2020 жылдары 69,05 млн ш. метр тұрғын үйді іске қосу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар