Жарияланды: 350

2012 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 5 пайыз деңгейінде - С.Ахметов

Биыл еліміздің жалпы ішкі өнімінің өсімі 5 пайыз деңгейінде.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов мәлім етті. «Бүгін Үкіметтің биылғы жылдағы соңғы отырысы. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың алдын ала жасалған қорытындысы бойынша еліміздің даму қарқыны жақсы. Жалпы ішкі өнімнің өсімі 5 пайыз болады деп күтіп отырмыз»,-деді Үкімет басшысы. С. Ахметовтің сөзіне қарағанда, жыл аяғына дейін тұтыну бағасының индексі 6,5 пайыз болады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 3-тен астам пайызға өседі деп болжануда. «Инфляция 6-6,2 пайыз дәлізінде. Бұл соңғы 10 жылдағы жақсы көрсеткіш»,-деді Премьер-Министр. Сөз соңында Үкімет басшысы биылғы жылдың қорытындысы 2013 жылдың ақпанында жан-жақты қаралатынын жеткізді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін