Caravan Logo

2012 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 5 пайыз деңгейінде - С.Ахметов

2012 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 5 пайыз деңгейінде - С.Ахметов

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов мәлім етті.

«Бүгін Үкіметтің биылғы жылдағы соңғы отырысы. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың алдын ала жасалған қорытындысы бойынша еліміздің даму қарқыны жақсы. Жалпы ішкі өнімнің өсімі 5 пайыз болады деп күтіп отырмыз»,-деді Үкімет басшысы.

С. Ахметовтің сөзіне қарағанда, жыл аяғына дейін тұтыну бағасының индексі 6,5 пайыз болады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 3-тен астам пайызға өседі деп болжануда.

«Инфляция 6-6,2 пайыз дәлізінде. Бұл соңғы 10 жылдағы жақсы көрсеткіш»,-деді Премьер-Министр.

Сөз соңында Үкімет басшысы биылғы жылдың қорытындысы 2013 жылдың ақпанында жан-жақты қаралатынын жеткізді.