2012 жылы Жамбыл облысында 34 елді мекен газбен қамтылды
2012 жылы Жамбыл облысында 34 елді мекен газбен қамтылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасынан. |
Мерке, Тұрар Рысқұлов және Жуалы аудандарының 34 елді мекеніне газды жеткізу жүйелерінің құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 1,44 млрд. теңге бөлінді.
2011 жылы елді мекендерді газбен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша бюджеттен бөлінген 1,8 млрд. теңгеге Байзақ, Жамбыл және Талас аудандарының 24 елді мекендеріне орташа қысыммен газ жеткізілді. Оның ұзындығы 111,4 шақырымды құрады. Ведомстводан хабарланғандай, облыста табиғи газды қолдану 12,5 пайызға жетті.
Бағдарламаның екінші кезеңін іске асыру кезінде 2012-2013 жылдары 58 елді мекенді немесе 35,2 пайызды газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін