Сонымен көш басында Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко. Бас банкирдің әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеру туралы ұсынысы көпшіліктің ашуын туғызыпты. Екінші орынға 10 700 қызметкері аттестациядан өте алмай қалған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жайғасқан. Бұл ведомост басшысына, сондай-ақ экстремистік әрекеттерге қарсы күресе алмады деген өкпе де айтылыпты. Өткен жылы Елбасынан қатаң ескерту алып, депутаттардың сынына ұшыраған Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков те қабілетсіздердің қатарында. Жиырмалықта сонымен қатар Бас прокурор, Сенат төрағасы, бірнеше облыстың басшылары мен премьер-министрдің орынбасары да бар.