Жарияланды: 480

2013 жылдан бастап елімізде судың шектеулі тарифтері енгізіледі

2013 жылдан бастап елімізде судың шектеулі тарифтері енгізіледі

2013 жылдан бастап Қазақстанда судың шектеулі тарифі енгізіледі.

Бұл туралы Алматы әкімдігінде вице-премьер Қайрат Келімбетовтің жетекшілігімен өткен кеңесте Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы Мұрат Оспанов мәлім етті. Агенттік басшысының ұсынысы бойынша, судың текше метрі үшін белгіленетін шектеулі тариф ҚҚС қоспағанда 200 теңгеден аспауы тиіс. Бірақ, ол барлық сумен қамту мекемелерінде тарифті бір мезетте көтеруге болмайтынын, 2015 жылға дейін біртіндеп енгізу қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Владислав Галиев қазіргі кезде қаладағы сумен қамту мекемелерінің шығынға батып отырғанын және шектеулі баға енгізуге дайын еместігін алға тартты. «Сумен қамту мекемелерінің бәрінің қондырғысы тозған, техникалық, технологиялық және қаржылық жағдайы қиын», - деді ол. В.Галиевтің айтуынша, су мекемелерін сауықтырып, жүйелерді күтуге және пайдалануға кететін шығынды жабу үшін және тозған жүйелерді қайта қалпына келтіру үшін тарифті көтеру қажет. Сонымен қатар, ахуалды жақсарту үшін су мекемелерінен стратегиялық нысан мәртебесмін алып тастау қажет. «Су арналарына инвестиция тарту қажет (...). Стратегиялық мәртебесін алып тастау керек», - деп мәлімдеді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін