2013 жылдың сәуір айында Қазақстан халқының саны 17 миллионға жетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2013 жылдың сәуір айында Қазақстан халқының саны 17 миллионға жетеді

2013 жылдың сәуір айында Қазақстан халқының саны 17 миллионға жетеді

Келер жылы көктемде Қазақстан халқының саны 17 миллионға жетеді.

  • 15 Қараша 2012
  • 1000
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы мемлекеттік Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«Қазанның 1-індегі деректер бойынша, жалпы халық саны 16 млн 850 мыңды құраған болатын. (…) Келесі жылдың сәуірінде Қазақстан халқының саны 17 миллионға жеттуі тиіс деп болжап отырмыз», — деді ол бейсенбі күнгі брифингте.
Мамандардың хабарлауынша, қыркүйек айында табиғи өсім 20 мың 774-ті құраған. Ал, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйегі аралығында Қазақстан халқының саны 181 мың 131 адамға артқан (2011 жылдың дәл осындай уақытында 170 мың 674 болатын).
Қазақстан халқының 65 пайызы қазақтардан, 22 пайызы орыс ұлтының өкілдерінен тұрады, деп мемлекеттік Статистика агенттігі төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«Биылғы жылдың желтоқсан айында елдегі қазақтардың саны 11 миллионға жетеді деген болжам бар», — деді ол бейсенбі күнгі брифингте.
Агенттік төрағасы 1-қазандағы деректер бойынша, Қазақстан халқының саны 16 млн 850 мыңға жеткенін еске салды.
«Соның ішінде, қазақтар 10 млн 945 мың адам (65%), орыстар 3 млн 708 мың адам (22%), өзбектер 504 мың (3%), украиндықтар — 308 мың (1,8%), ұйғырлар — 240 мың (1,4%), татарлар — 203 мың (1,2%), немістер — 181 мың (1,1%)», — деді Ә.Смайылов.

Соңғы жаңалықтар