2013 жылы Алтай аймағында қазақ мәдениетінің орталығы ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2013 жылы Алтай аймағында қазақ мәдениетінің орталығы ашылады

2013 жылы Алтай аймағында қазақ мәдениетінің орталығы ашылады

Алтай аймағында эксперименттік ұлттық мәдени орталықтарын құру бойынша байқау аяқталды.

  • 17 Сәуiр 2013
  • 421
Фото - Caravan.kz

Байқау комиссиясының шешімімен 2013 жылы Бурлин ауданының Новосел мәдениет үйінің жанынан дәстүрлі қазақ мәдениетінің орталығы ашылмақ.

Аймақтық мәдениет және мұрағат істері жөніндегі басқармадан мәлім еткендей, аталмыш аумақта орталықты құру туралы шешімнің қабылдануы кездейсоқ емес. Бурлин ауданында қазақ мәдениетін сақтау және дәріптеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Орталықты құру үшін аймақтық қазынадан 150 мың рубль бөлінетін болады. Қаржы материалдарға, құрылғыларға, костюмдер мен музыкалық аспаптарды сатып алуға жұмсалмақ.

Перейти к новостям спорта