2013 жылы Астананың Индустриялық паркі аумағында 8 өндірістік кәсіпорын іске қосылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2013 жылы Астананың Индустриялық паркі аумағында 8 өндірістік кәсіпорын іске қосылмақ

2013 жылы Астананың Индустриялық паркі аумағында 8 өндірістік кәсіпорын іске қосылмақ

2013 жылы елордадағы Индустриялық парк аумағында 8 өндірістік кәсіпорынды іске қосу жоспарланған.

  • 8 Қаңтар 2013
  • 400
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, биылғы жыл барысында электронды-оптикалық аспаптарды, тепловизорларды, түнде көру құралдарын, жалпақ парақша әйнектерді, әйнектен, алюминийден жасалған қабырға панельдері мен витраждарды, ірі панельді темірбетон бұйымдарын, трансформаторлық қосалқы стансаларды шығару, сондай-ақ жиһаздар, аффинаж зауытын іске қосу көзделеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жалпы алғанда «Астана — жаңа қала» АЭА 2012 жылдың басынан бері 116 млрд. теңгені құрайтын инвестицияны игерген. Оның ішінде 104,4 млрд.теңге жаңа әкімшілік орталық аумағындағы 46 жобаны қамтыса, 11,9 млрд. теңгесі Индустриялық парк аумағындағы жобаларға тиесілі болып отыр. Игерілген жалпы инвестицияның ішіндегі 95 млрд. теңгесі жеке және заемдық қаражат үлесіне жатады, ал 20 млрд. теңге бюджет қаражаты, 1,3 млрд. теңге тікелей тартылған шетелдік инвестициялар болып табылады.

«Арнайы экономикалық аймақ аумағына өткізу барысында инвесторларға арналған рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуді жеделдету үшін тиісті регламенттер әзірленді. Онда келісімнің нақты мерзімдері мен әрбір мемлекеттік мекемедегі рәсімдеу мерзімдері нақты көрсетілген. Осының арқасында рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу уақытын екі есеге дейін қысқартуға мүмкіндік туды», — делінген баспасөз хабарламасында.