«Қаржы полициясы органдарының алдыңғы қатарлы тапсырмаларының бірі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлінетін бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалану фактілерінің жолын кесу болып табылады», — деп Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукин бүгін Астанада «Жемқорлыққа қарсы тұру және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл он ай ішінде «Ақ бұлақ», «Жол картасы», «Жұмыспен қамту картасы», Тұрғын үй құрылысы, агробизнес және т.б. бағдарламалар орындау кезінде орын алған 264 жемқорлық қылмыс анықталған.
Жалпы алғанда мемлекетке 6 млрд теңгеден астам зиян келтірілген.