2013 жылы Қазақстанда судың тарифі өседі
![]() |
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов 2013 жылы тариф құрудың жаңа тетіктерін енгізу нәтижесінде судың тарифі өседі деген болжам келтірді. |
«Тариф өсетіні сөзсіз. Бірақ суды үнемді пайдаланатындар үшін ол күрт өспейді, өйткені саралау тарифі пайдаланылады», деп ол бүгін Астанада өткен үкімет отырысында атап көрсетті.
«Әрбір аймақта бұл әр түрлі болады, менің ойымша, халықтың барлық буыны үшін 15 пайыздан 30 пайыз шамасын құрамақ, суды ысырап ететіндер үшін судың бағасы 2-2,5 есе артуы мүмкін», - дейді М.Оспанов.
«Суды үнемді жұмсамайтын, бассейні барлар, өз технологиясы үшін суды екінші қайтара пайдалану жөніндегі жаңа технологияны пайдаланбайтын көлік тұрағы, ірі кәсіпорындары барлар үшін, әрине, қымбат болады», - дейді ол.
Суды үнемдейтін әлеуметтік жағдайы орташа халық үшін баға күрт өспейді.
Ол саралау тарифтердің айтарлықтай өсуіне әкелетіндіктен, бұл ақша су арналарын жаңғыртуға, нормативтк шығындарды азайтуға, нормадан тыс шығынды жоюға жұмсалатынын айтады.
Тариф барлық су арналары үшін бір сітте арттырылмайды. Алдағы үш жылда мөлшерлі тарифке әзірге 26 қалалық су арнасы өтеді.
М.Оспанов атап өткендей, суды тұтыну көлеміне және есептегіш құралдардың бар-жоғына қарай тұтынушылар тобы бойынша судың сараланған тарифін қолдану практикасы ұсынылмақ.
Сараланған тарифке көшу жцне суды тұтыну көлемін қысқарту «жасыл» экономикаға өту шараларының бірі болып табылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін