2013 жылы Сыр өңірінің 20 елді мекеніне таза ауыз су жетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2013 жылы Сыр өңірінің 20 елді мекеніне таза ауыз су жетеді

2013 жылы Сыр өңірінің 20 елді мекеніне таза ауыз су жетеді

2013 жылы Қызылорда облысында 20 елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

  • 26 Желтоқсан 2012
  • 318
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыс әкімі Болатбек Қуандықов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуінде мәлім етті.

Жыл ішінде осыған байланысты 20 жобаны бастау межеленген. Олардың 18-і сол жылы іске қосылатын болады. Бұл мақсатқа бюджетте 2012 жылмен салыстырғанда, 60 пайыздан артық, нақты айтқанда, 7201,6 млн. теңге қарастырылған.

Бұдан басқа, 2013 жылы Жаңақорған ауданындағы Кейден елді мекенінде құны 261,1 млн. теңге тұратын су құбыры желісінің құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ Қазалы ауданындағы Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентін сумен жабдықтау мақсатында жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуге 286,4 млн. теңге қаржы бөлінді. Қызылорда қаласындағы су құбыры мен кәріз желілерін қайта жаңғырту жобасы жалғасын табады. Бұл мақсатқа 3 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалады.