Жарияланды: 420

2013 жылы Тараз әуежайы қайта жөндеуден өтеді

Таразда 2013 жылы әуежай қайта жөндеуден өткізілетін болады.

Бұл туралы бүгін Таразда өтіп жатқан «TARAZ INVEST- 2012» Халықаралық инвестициялық форумында айтылды. «Жүк әуетасымалдарын дамыту үшін мемлекет жекеменшік «СКАТ» компаниясымен бірлесіп 2013 жылдың көктемінде Тараз қаласының әуежайында ұшу-қону жолағын қайта жөндеуден өткізіп, жүк терминалын сала бастайды», - деді Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев. Өңір басшысы атап өткендей, облыс аумағымен жүктерді Орталық Азия, Кавказ, Ресей және Қытай елдеріне теміржол және көлік жолдарымен жеткізуге мүмкіндік беретін бірқатар халықаралық көлік дәліздері өтеді. Облыс әкімінің пайымынша, ыңғайлы географиялық орналасуымен бірге өңірдегі дамыған көлік логистикасы, сатудың кең нарығы, ауылшаруашылық жерлер мен пайдалы қазбалардың бар болуы ірі инвесторлар үшін Қазақстанда бизнесті дамыту үшін немесе бастау үшін жақсы мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін