2014 жылы Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңсесі ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жылы Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңсесі ашылады

2014 жылы Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңсесі ашылады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Алматыда өзінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығын ашады. Бұл туралы бейсенбі күні еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
           Хабарламаға сүйенсек, кеңсенің осыдан 35 жыл бұрын ДСҰ-ның Алматы декларациясы қабылданған Алматы қаласында ашылуы да айта кетерлік жайт.
           «ДСҰ-ның алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі кеңсесі денсаулық сақтау саласындағы инновацияларды дамытуда маңызды рөл атқарады. Мұндай кеңсенің ашылуы Еуропа елдерінде енгізіліп жатқан алдыңғы қатарлы технологияларды қолдауға, еліміздің денсаулық сақтау саласының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға, әлемдегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласындағы озық тәжірибелерді Қазақстанға бейімдеуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
           Министрліктің хабарлауынша, алдағы қараша айында Алматыда ДСҰ мен ЮНИСЕФ-тің Алматы декларациясының 35 жылдығына орайластырылған халықаралық конференция өтеді. Оған әлемнің 70 елінен мамандар келеді деп күтілуде.

  • 4 Қазан 2013
  • 1061
Фото - Caravan.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Алматыда өзінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығын ашады. Бұл туралы бейсенбі күні еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

           Хабарламаға сүйенсек, кеңсенің осыдан 35 жыл бұрын ДСҰ-ның Алматы декларациясы қабылданған Алматы қаласында ашылуы да айта кетерлік жайт.
           «ДСҰ-ның алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі кеңсесі денсаулық сақтау саласындағы инновацияларды дамытуда маңызды рөл атқарады. Мұндай кеңсенің ашылуы Еуропа елдерінде енгізіліп жатқан алдыңғы қатарлы технологияларды қолдауға, еліміздің денсаулық сақтау саласының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға, әлемдегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласындағы озық тәжірибелерді Қазақстанға бейімдеуге мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.