Қ.Тоқаев біздің елімізге келген халықаралық байқаушыларды Қазақстан ықыласпен қарсы алатынын атап өтті.
Сенат Төрағасының пікірінше, сайлауды көруге ТМД байқаушыларының қатысуы сайлау науқанының заңдылығын күшейте түседі.
С.Лебедев ТМД байқаушыларының жұмысы үшін жақсы жағдай жасалғанына ризашылық білдіре отырып, Сенат сайлауына халықаралық байқаушылар тарапынан зор көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.
Астанада 19 қыркүйекте ТМД байқаушылары миссиясының штаб-пәтері ашылды. Миссияның құрамына заң шығару және атқарушы биліктің өкілдері, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Орталық сайлау комиссияларының мүшелері енді. Миссия басшысы С.Лебедев Сенат сайлауын ұйымдастырудағы қалыптасқан және нақты жұмыстарды атап өтті.
ТМД-мен ынтымақтастық мәселелерін талқылай келіп, жүздесушілер «барлық салаларда өзара іс-қимылды өркендету үшін осы қарқынды сақтау қажет» екенін атап өтті. 10 қазанда Минскіде ТМД мемлекеттері Басшылары кеңесінің отырысы болады, онда ТМД-ға төрағалық ету «эстафетасын» 2015 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанға беру туралы шешім қабылдау көзделіп отыр. Сенат Төрағасының пікірінше, «Қазақстан төрағалық етуде жоғары дәрежені қамтамасыз ететін болады». Қ.Тоқаев сондай-ақ 1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда Президент Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған, ірі халықаралық ұйым ретіндегі ТМД-ның рөлі мен әлеуетін одан әрі күшейтуге Қазақстанның мүдделі екенін атап өтті.