Жарияланды: 360

2015 жылға дейін операторлар арасындағы ұялы байланыс тарифі 40 пайызға төмендейді

2015 жылға дейін операторлар арасындағы ұялы байланыс тарифі жыл сайын 10 пайызға төмендеп отырады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

«Бұл қызмет түрі реттелмейтінін ескере отырып, біз ұялы байланыс операторларымен алдағы төрт жылда аталған тарифтерді 40 пайызға төмендетуді қарастырдық. 2011 жылы тарифті төмендету шамамен 20 пайыз болды. Алдағы жылдары 10 пайыздан төмендетіліп отырады»,-деп атап өтті министр. А. Жұмағалиевтің сөзіне қарағанда, министрлік пен ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі өзара кеңесе отырып аталған қызмет түрін реттелетін қызметке жатқызу түсінігін айқындады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін