2015 жылға қарай мектептер тегін оқулықтармен толық қамтамасыз етіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015 жылға қарай мектептер тегін оқулықтармен толық қамтамасыз етіледі

2015 жылға қарай мектептер тегін оқулықтармен толық қамтамасыз етіледі

Білім және ғылым министрлігі 2015 жылға қарай оқушыларды тегін оқулықтармен және оқу-әдістеме кешендерімен толық қамтамасыз етеді.

  • 13 Қазан 2014
  • 705
Фото - Caravan.kz

«2015 жылға қарай барлық оқушыларды мемлекет есебінен тегін оқулықтармен және оқу-әдістеме кешенімен қамтамасыз етіледі. Мұны 4 жылдық циклмен қайта басып шығару арқылы жыл сайын кезең-кезеңмен сатып алу арқылы жүзеге асырамыз», — деп дүйсенбі күні мәжілісте өткен «Үкімет сағатында» Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

Оның айтуынша, қазір Алматы мен Астана қалаларында, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында оқушылар оқулықпен толық қамтылған. Қалған аймақтарда оқулық тапшылығы әлі де жойылған жоқ.

Жалпы, еліміз бойынша оқулықпен қамту деңгейі 96 пайызды құрап отыр, дейді ведомство басшысы.