Бұл туралы үкіметтің дүйсенбі күнгі селекторлық отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті.
Осы бағдарламаның нобайлы нұсқасын жүзеге асыру үшін биыл республикалық бюджеттен 40 млрд теңге бөлінген болатын. Ол бойынша 100 мыңнан астам адамға мемлекеттік қолдау көрсету көзделіп отыр.
Іс жүзінде бағдарлама биылғы жылдың шілде айынан бастап іске қосылады.