2015 жылы «Самұрық-Қазына» 5,9 млрд. доллардың көлеміндегі жобаларды іске қоспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015 жылы «Самұрық-Қазына» 5,9 млрд. доллардың көлеміндегі жобаларды іске қоспақ

2015 жылы «Самұрық-Қазына» 5,9 млрд. доллардың көлеміндегі жобаларды іске қоспақ

ҮИИДМБ-ның екінші бесжылдығы аясында «Самұрық-Қазына» қоры жалпы 24 млрд. доллар сомаға 11 жобаны іске асыруда.

  • 10 Тамыз 2015
  • 431
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аталған қордың бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Берік Бейсенғалиев мәлім етті.

«Мемлекеттік бағдарламаның екінші бесжылдығы аясында «Самұрық-Қазына» жалпы 24,1 млрд. долларға 11 жобаны іске асыруда. Бұл Индустрияландырудың республикалық картасындағы барлық жобалардың 73 пайызын құрайды», — деді ол.

Б. Бейсенғалиевтің сөзіне қарағанда, осы жобаларды жүзеге асыру арқылы 23 мыңнан астам уақытша және 4,4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құруға жол ашылады.

Атап айтқанда, соңғы үш жылда экономикалық өсуді қолдау бағытында қор 15,7 мыңнан астам уақытша және 7,1 мың тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, 6,9 млрд. доллардың 35 жобасын пайдалануға енгізді.


«2015 жылы шамамен 11 мыңнан астам уақытша және 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 5,9 млрд. доллар көлеміндегі 20 жобаны іске қосу жоспарлануда», — деді ол. 

Соңғы жаңалықтар